Бухгалтерлік есепті қалай роботтандыруға болады?
Маманға көмек: бухгалтерлік есепті роботтандыруға бола ма?
Зерттеулер көрсеткендей, бухгалтерлердің 55 % басқа мамандық өкілдерінің 41 %-мен салыстырғанда үлкен жұмыс жүктемесіне байланысты күйзеліс пен зорығудан зардап шегетінін мойындаған. Үлкен жауапкершілік, зор деректер көлемімен жұмыс, сондай-ақ қысқа мерзімдер мен бірсарынды қайталанбалы тапсырмалар – осылардың бәрі сауалнамаға жауап берген бухгалтерлердің жартысына жуығы жұмыс туралы уайымнан ұйқысыздыққа шалдығуына шағымданғанына әкелді.
Есептерді бірнеше минутта алуды қай бухгалтер армандамайды? Роботтар асқан мұқияттылық пен назарды қажет ететін, бірақ сондай-ақ бірқалыпты, бірсарынды операциялар болып табылатын тапсырмалардың бір бөлігін өздеріне ала алады: деректерді өңдеу, есептеулермен жұмыс, транзакцияларды қадағалау. Нақты бір манипуляцуияларды орындауды автоматтандыру күрделі әрі ұзақ жұмысты оңайлатуға, маманның күші мен уақытын үнемдеуге көмектеседі.
Бухгалтерлік есепті роботтандыру артықшылықтары
Beeline Қазақстан компаниясында роботтарды бухгалтерлік және салық бөлімдерінің жұмысына ендіру тәжірибесі бар, дәл сол себепті уақытты айтарлықтай үнемдеу туралы мәлімдемесі нақты сандармен расталған. Осылайша, RPA көмегімен СҚЖ жүйесінен біржолғы есептерді жүктеп алу (200 операция) айына 10 сағаттай үнемдеуге көмектеседі. RPA көмегімен СҚЖ жүйесінен салыстыру актісін жүктеп алу (1300 операция) айына 43,3 сағатты үнемдейді.
RPA-ны ендірген соң, қателер саны нөлге теңеледі, есептерді қайта санаудың және қайта тексерудің қажеті жоқ. Дұрыс баптаған жағдайда деректерді қате өңдеу қаупі болмайды. Роботтар алуан түрлі тапсырмаларды орындауға қатысуы мүмкін: деректерді енгізу немесе шығарып алу, файлдарды іздеу үшін. Бухгалтерлерде клиенттермен жұмыс, оқу үшін уақыт босайды.
RPA кез келген жүйелермен және қолданбалармен оңай интеграцияланады. Бірақ робот дұрыс жұмыс істеуі және барлық қолжетімді деректі дұрыс өңдеуі үшін жұмыс үрдістерін жүйелеу және стандартқа келтіру керек болуы мүмкін. Нәтижесінде RPA есептік платформамен интеграцияланып, өзекті әрі дәл ақпаратты алады.
Beeline Business ұсынған қораптық шешімдер
Экономика бөлімінде жұмыс үрдістерін автоматтандыру – уақыт еншісінде. Жаңа деңгейге көшу қажеттілігімен жетекшілер мен қызметкерлердің өздері беттесіп отыр. Бухгалтерия – компания жұмысына RPA-шешімді ендіру үшін жақсы старттық нұсқа. Қаржы бөлімдерінің жұмыс үрдістерін роботтандыру мысалында бірқалыпты қайталанатын тапсырмаларды орындауға кететін адам-сағаттардың үнемделгенін және тиімділіктің артқанын айқын көруге болады. Себебі бұндай жұмыс алгоритмі есептеулердегі қателердің жиі себебі болатын адамдық факторды жояды.
Beeline Business-тің бірқатар қораптық шешімі бухгалтер жұмысын оңайлатуға мүмкіндік береді. Бизнес ендіру үшін дайын шешімдерді таңдай алады, бірақ қажет болғанда біздің мамандарымыз компанияңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке нұсқаларды әзірлеп беруге дайын.
- Орындалған жұмыстар актілерін автоматтандыру
- Салыстыру актілерін шоғырландыру
- Кіріс ЭШФ жүктеп алу және 1С жүйесімен салыстыру
- Қаржы жүйесінен салыстыру актілерін жүктеп алу және контрагенттерге тарату
- Дебиторлық қарызды бақылау және белсенді азайту
Кеңес алу үшін онлайн-өтінімді сілтеме бойынша қалдырыңыз, сонда біз сізбен жақын арада байланысамыз https://robee.kz