May 31, 2023

ASTANA MINING & METALLURGY конгресіне Beeline Business қатысады

Beeline Business тау-кен металлургия саласындағы маңызды оқиғалардың бірі — ASTANA MINING & METALLURGY (AMM) конгресіне дайындық үстінде. Іс-шара саланың ірі компанияларын, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияның үкіметтік құрылымдары өкілдерінің басын қосады.

Beeline Қазақстан панельдік сессиясы аясында жер қойнауын пайдаланушыларға арналған цифрлық өнімдер туралы әңгімелейді.

  • Private LTE өнеркәсіптік кәсіпорындарға сымсыз желілерді жер астында — тұрақты сигналмен және шектеулі қолжетімділікпен орналастыруға қалай мүмкіндік береді
  • Неліктен нақты уақыт режиміндегі позициялау жүйесі (RTLS) адамдардың, машиналардың және заттардың қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау және өңдеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өндірістің технологиялық процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін құнды құрал болып табылады
  • Жасанды интеллект алгоритмдерін жүзеге асыратын IVSS өнеркәсіптік бейне аналитикасын қайда қолдануға болады

Осы және басқа да шешімдерді біз 1 маусымда сағат 12:00 – 13:30 аралығында ұсынатын боламыз.

Іс-шараға қатыса алмайсыз ба? Сұрауыңызды осында қалдырыңыз:

https://forms.yandex.ru/cloud/6466f15090fa7b0c25af5cc9, және біз сізді қызықтыратын өнім туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін сізбен байланысамыз.