Мобильді жарнама. Dariger Online компаниясы үшін сервисті енгізу тәжірибесі
Статистика бойынша адамдар орташа есеппен алғанда, күн сайын смартфонда шамамен 5 сағат өткізеді. Тұтынушылардың өзгеретін әдеттерінен қалмау үшін бизнес жарнамалық науқандарды бейімдейді және даму стратегиясына қосымша қызмет – мобильді жарнаманы жиі қосады.
2022 жылы бүкіл әлемде мобильді жарнамаға жұмсалған шығын 327,1 млрд доллардан асып түсті. 2023 жылдың соңына қарай бұл сан 339 млрд-қа дейін артуы мүмкін. Және бұл түсінікті! Хабарламаларды таргеттелмеген жаппай жіберуге қарағанда таргеттелген мобильді жарнамамен науқанның тиімділігі 5-10 есе артады. Клиент үшін тиімділігі анық: ол азырақ шығындалады, бюджетін үнемдейді, бірақ нәтиже айқынырақ болады. Мобильді жарнаманың артықшылықтарын Beeline Қазақстан клиенті – Dariger Online телемедициналық компаниясы да бағалады.
- Компания 4 елде ұсынылған: Украинада, Қырғызстанда, Өзбекстанда және енді Қазақстанда.
- Біздің елімізде Dariger Online 1 жылдам астам жұмыс істеп келеді.
- Осы уақыт ішінде клиенттер базасы 80 мың клиентке дейін артты.
Компания қызметінің ерекшелігі – қашықтан медициналық көмек көрсету. Компания басшылығы Қазақстан нарығында өз қызметтерін ілгерілету үшін Beeline Қазақстанға жүгінді.
Біздің алдымызда компанияның ықтимал клиенттермен байланысын оңтайландыру міндеті тұрды. Күрделілік қызметтерді жеткізушінің аудиториямен тікелей емес, серіктес компаниялар арқылы жанама түрде байланысуында болды. Бұл мәселелерді талқылау мен тапсырыстарды рәсімдеу мерзімін ұзартты.
Күрделі мәселенің қарапайым шешімі
Beeline Қазақстан клиенттің нөмірлер базасын іске қосты. Оған «осы жерде және қазір» режимінде медициналық көмекке мұқтаж адамдар кірді. Тапсырыс берушімен бірге жарнамалық науқанның негізгі мақсаты – клиенттерді ақпараттандыру анықталды.
Таргет үшін 3 санат бөліп алынды: медициналық мекемелер мен сақтандыру компанияларына қоңырау шалу, медициналық мекемелердің сайттарына өту, сондай-ақ медициналық мекемелерде смартфонның геолокациясы (үшінші таргет әзірге әзірлену сатысында). Осы үш критерий бойынша клиенттер таргет-топтарға түсіп, нәтижесінде Dariger Online компаниясынан онлайн-дәрігерлердің қызметтерін пайдалана алатыны туралы хабарлама алды.
Науқан 2022 жылдың желтоқсанында басталды және 2023 жылдың ақпанында алғашқы нәтижелер пайда болды. Келешекте Dariger Online компаниясының базасынан клиенттердің кері байланысын ұлғайту және олардың қамтылуын кеңейту жоспарлануда.
Тиімді және қарапайым құрал – мобильді жарнамамен бірге бизнесіңізді оңтайландыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Өз клиенттеріңізге жақынырақ болыңыз – https://mobilead.beeline.kz сілтемесі бойынша Beeline Business-пен бірге жіберілімді іске қосыңыз.