March 22, 2023

Бизнесті ретке келтіреміз: Beeline Business ұсынған 7 цифрлық шешім

Кәсіпкер нені қалайды? Бизнес-мақсаттарға жылдам қол жеткізуге арналған құралдарға ие болуды қалайды. Әрбір басшы стратегияны әзірлеуден бастап клиенттердің бейілділігін арттыруға дейінгі келесі кезеңде ресурстарды үнемдеу және оңтайлы шешімдерді пайдалану туралы ойлайды. Мұнда процестерді автоматтандыру маңызды рөл атқарады. Дәл осы жерде Beeline Business кез келген компанияға пайдалы болуы мүмкін – біз бизнеске арналған цифрлық шешімдерді әзірлеумен бірнеше жыл айналысып келеміз. Ең танымал және тиімді шешімдер туралы айтып берейік.

1. Бизнес-процестерді роботтандыруға арналған Robee

Қызметкерлер үнемі жұмыс уақытын күн сайынғы бірсарынды жұмысқа жұмсауға мәжбүр болған кезде қателіктер көбейіп, персонал шаршауға тап болады. Сонымен қатар көбінесе бүкіл ресурс бүгінде роботтар басқара алатын операцияларды орындауға кетеді. Beeline Business Robee әзірлемесі автоматты режимде тапсырмаларды орындайтын тиімді көмекші ретінде өзін көрсете алды. Robee барлық күнделікті процесті өз мойнына алып, 24/7 жұмыс істей алады. Осы кезде қызметкерлер есептерді толтыруға немесе деректерді бір кестеден екіншісіне көшіруге бірнеше сағат жұмсаудың орнына шынымен маңызды нәрсеге назар аудара алады.

2. Azure Express Route және AWS Direct Connect бұлттық шешімдері

Егер бизнесіңіз әлі «бұлттарда» болмаса, жерден алыстап, темір тасығыштардан бұлттық сервистерге көшетін кез келді. Енді өз инфрақұрылымыңызды құрудың, «темірді» сатып алудың, оны қайда орнату керектігі туралы ойланудың, содан кейін оны баптауға ресурстарды жұмсаудың қажеті жоқ. Провайдерден «бұлттан» орын сатып алып, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрғанын пайдалану жеткілікті. Деректеріңізді «бұлттарда» сақтап, виртуалды жұмыс орындарын жасаңыз – сіздің бизнесіңіз одан тек пайда көреді.

3. NB-IoT сымсыз деректер жіберу хаттамасы

Beeline Business бастамашылық еткен бұл стандарт 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қолданылады. Ол экономиканың көптеген салаларының цифрлық трансформациясын жеделдету негізі болады. NB-IoT деректерді жоғары жылдамдықпен жіберу үшін қолданылады. Оның айрықша артықшылықтары: төмен қуат тұтыну, жоғары өткізу қабілеттілігі, шуға төзімділік, кең қамту.

4. Ақылды кеңсе телефониясын ұйымдастыруға арналған виртуалды АТС

Виртуалды АТС функционалының кең болғаны соншалық, шешімді бизнесті тиімді жылжытудың жеке құралы ретінде қарастыруға болады. Сервисті баптау үшін кеңсенің болуы міндетті емес, компания қызметкерлері әртүрлі қалаларда, тіпті әртүрлі елдерде болуы мүмкін.

Виртуалды АТС – бұл клиенттердің жоғалмайтын қоңыраулары, қызметкерлердің жұмысын бақылау, қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту үшін талдау және статистика, клиенттердің бейілділігін арттыру. Бизнес онлайнға көшкен қазіргі жағдайда виртуалды АТС жақында бас тарту мүмкін болмайтын трендке айналып барады.

5. EGISTIC платформасындағы ақылды ферма

Цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығына да жетіп алды. Beeline Business аграрлық қызметкерлерге және егістікте жұмыс істейтін барлық жанға EGISTIC платформасы арқылы өз шаруашылығын тиімдірек басқаруды ұсынады. Бұл цифрлық шешім шаруашылықты жүргізуге қатысты әртүрлі міндеттерді онлайн режимінде шешуге, соның ішінде алқаптардың ғарыштық суреттерін алуға және өнімділікті болжауға мүмкіндік береді.

6. SMS Сlick – бизнеске арналған жұмыс құралы

Бұл құралдың пайдасын статистика дәлелдейді: SMS-хабарламалардың 90 %-дан астамы алынғаннан кейінгі алғашқы 2-3 минутта оқылады. Оны өз компанияңыздың игілігіне пайдалану үшін маңызды дәлел. Әсіресе клиенттеріңізге айтар хабарыңыз болса. SMS-click ықтимал сатып алушылардың назарын аудару мақсатында клиенттік база бойынша жаппай жіберуге мүмкіндік береді. Жіберілімді жекелендіру мақсатты аудиторияны – бренд жаңалықтарын білу шынымен қызықты болатын адамдарды қамтуға мүмкіндік береді.

7. Бизнеске арналған интернет

«Бизнеске арналған интернет» қызметімен компания қосымша сервистерді таңдау мүмкіндігімен және 24/7 техникалық қолдауымен икемді тарифтер бойынша сапалы және үздіксіз интернетпен қамтамасыз етіледі. Кез келген тиімді жұмыс Beeline Business ұсынуға дайын тұрақты интернет қосылымынан басталады.

Инновациялардың енгізілетіні сөзсіз: дамуға деген ұмтылыс бәсекелестерге қарап, жылдамырақ алға басуға мәжбүр етеді. Егер бизнесіңіз өзгерістердің алдыңғы қатарында болуды жоспарласа, https://beeline.kz/b2b/ru/form сілтемесі бойынша өтінім жіберіңіз. Beeline Business тап сіздің компанияңызды дамытуға бағытталған цифрлық шешімді таңдап береді.