Beeline Business фермерлердің жұмысын EGISTIC платформасы арқылы жеңілдетеді
Көлемді жоғалтпай және ең аз шығындармен көбірек, жақсырақ өндіру агробизнес үшін әрдайым проблема болған. Дегенмен технологиялар, әсіресе заттар Интернеті дами келе, ауыл шаруашылығының әртүрлі нысандарында қолдана отырып, технологиялық процестерді оңтайландыруға болатын құралдар пайда болып жатыр. Мұндай құралдарға Beeline Business компаниясының әзірлемесі – аграрлық қызметкерлерге арналған EGISTIC цифрлық көмекшісі кіреді.
Шешім коммуникациялық технологияларды, IoT қолдайтын датчиктерді, автоматтандыруды және болжамды талдауды біріктіреді, олар бір мақсатта – жылдық өнім мөлшерін көбейту үшін қолданылады. Сонымен қатар ақылды егіншілік ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту үшін адам факторына тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді.
EGISTIC: платформаның функционалы мен мүмкіндіктері
EGISTIC шаруашылықты басқару жүйесінің бірегейлігі – оның фермерлердің тікелей қатысуымен жасалуында. Бұл платформаның заманауи аграрлық қызметкердің үміттері мен қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетінін білдіреді.
Жыл бойы жұмыс істеу үшін қажет нәрсенің бәрі бір қолданбада жинақталған және оны ұялы телефон экранында тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға болады. Фермердің қарамағында егістіктерде де, олардан тыс жерде де күрделі мәселелерді шешуге арналған қалта құралы болады.
EGISTIC фермерге қандай мүмкіндіктер ашады?
1. Платформаның негізгі міндеті – спутниктік деректерді пайдалана отырып, шаруашылықты онлайн басқару. Осындай функционалдың көмегімен кез келген фермер келесі әрекеттерді жасай алады:
- 1-5 күн аралығымен өз алқаптарының ғарыштық суреттерін алу
- NDVI индекстерін, ылғалдылықты, өсімдік жапырақтарындағы азот пен хлорофилл деңгейін бақылау
- ластанулар мен жұқтыру ошақтарын уақытылы анықтау
- онлайн-тапсырыстар рәсімдеу немесе топырақтың дайын агрохимиялық талдауына талдау жасау
- техника мен телематиканы бақылау
- ауыспалы егісті есепке алу және жоспарлау
- технологиялық карталар жасау және ауылшаруашылық іс-шараларын жоспарлау
- өнімділікті болжау және картаға түсіру
2. Платформа маркет функциясын да орындай алады. Ол арқылы өсімдіктерді қорғау құралдарын (ӨҚҚ), тұқымдар мен тыңайтқыштарды сатып алуға және сатуға, сондай-ақ жеткізушілерде тауардың болуы туралы өзекті ақпаратты нақтылауға болады.
3. Платформа ауылшаруашылық техникасы мен агрегаттарын жалға алуға және жалға беруге, техниканың орналасқан жері туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
4. Кеңес беру функциясының арқасында шаруашылық аумағына тікелей шығу мүмкіндігімен елдің жетекші агрономдарынан ұсыныстар алуға болады. Фермер ақпаратты ғарыштық бақылау жүйесімен бөлісе отырып, цифрлық агрономдардан аналитика ала алады.
5. Маусымдылықты ескере отырып, масштабталу енді оңайырақ болмақ: бос жұмыс орындарын жариялап, тиісті мамандарды табуға, сонымен қатар түйіндемені орналастыра отырып, жұмысқа шақырулар алуға болады.
EGISTIC платформасы – бұл шаруашылықты тиімді басқарудың құралы ғана емес, сонымен қатар мыңдаған фермерлерді бір қауымдастыққа жинайтын алаң. Платформада барлық толғандыратын мәселені форум форматында талқылауға, соның ішінде өз егістіктерінің суреттерін жариялауға және әріптестерден кеңес алуға болады. Қаласаңыз, өз блогыңызды жүргізе бастауға болады.
Платформада қарапайым және ыңғайлы навигация бар. Жұмысты бастау үшін электрондық пошта мен телефон нөмірін көрсету жеткілікті. Шаруашылықты құру үшін учаскенің кадастрлық нөмірін немесе оның орналасқан жерін білу керек.
EGISTIC платформасына назар аударыңыз: көптеген фермерлер бұл цифрлық шешімнің функционалын бағалап үлгерді, бұған көптеген жағымды пікірлер дәлел бола алады. Платформаны пайдалану жөнінде кеңес алу үшін egistic@beeline.kz электрондық пошта мекенжайына өтінім жіберіңіз.