Business FM радиоэфирінің ізімен: Teams телефония. Корпоративтік байланысты қалай ұйымдастыру керек?
2022 жылы Microsoft Teams белсенді пайдаланушыларының саны 2021 жылмен салыстырғанда: 145 млн-нан 270 млн-ға дейін көбейді. Әйтсе де Teams бұдан да тиімді бола ала ма? Beeline Kazakhstan бұлтты өнімдер жөніндегі аға менеджері Дамир Әуезов пен AudioCodes Enterprise ТМД техникалық директоры Овчинников Виктор Teams телефонияның корпоративтік қолданылу мәселесі бойынша Business FM эфирінде сарапшылық пікірлерімен бөлісті.
Business FM: Бүгінде бизнестің инновацияларға деген қажеттілігі инвестициялардан кем түспейді. Қазіргі таңда әртүрлі салаларда қандай трендтер басым болып шығуда?
Дамир: Трендтер әр салада әртүрлі. Кейбіреулер ілгері басып жатыр және бүтін бір бағытты өзгертуі мүмкін, мысалы, банк саласында – дәстүрлі банктер қаржылық техникалық компанияларға айналып жатыр. Қазақстанда бизнес инновациялардың енгізілуі нарықта бәсекелестік артықшылықтар беретінін біртіндеп түсініп келеді. Бұл табыстылыққа және инвестицияларға әсер етеді, кез келген бизнес үшін бұл маңызды.
Инновациялар кез келген салаға енгізіле алады, бұлтқа миграциялаудан бастап клиенттерге сервистік қызмет көрсетуге дейін бәрі стратегияға байланысты. Beeline Kazakhstan бизнестің тұтынушыларға қызметтерді уақтылы және сапалы ұсынып отыру үшін барып отырғанын түсінеді. Сол себепті бүгінде жұмысқа жасанды интеллект енгізіліп жатыр, Үлкен деректермен жұмыс істеліп жатыр, бұлтты технологиялар қолданылуда.
Әлемдегі және Қазақстандағы трендтердің бірі компанияның жұмысына Unified communications – Бірыңғайланған коммуникацияларды енгізу болып табылады. Іс жүзінде бұл бизнеске бірыңғай жұмыс кеңістігін, терезесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрал, ондағы қызметкерлер компанияның ішінде де, немесе клиенттер болсын, серіктестер болсын, сыртқы контрагенттермен де қарым-қатынас жасай алады. Мұндай коммуникацияны әртүрлі тәсілдермен ұйымдастыруға: чаттар құруға, аудио- және бейнеконференциялар өткізуге, мобильді, қалалық, халықаралық – кез келген бағытта қоңырау шалуға болады. Осының бәрі бір жұмыс кеңістігіне біріктірілген, онда қызметкерлер сондай-ақ құжаттармен алмаса, кеңселік құжаттармен бірлесіп жұмыс істей алады. Мұндай бірегей шешім Microsoft Teams бағдарламалық жасақтамасының базасында қолжетімді.
Microsoft Teams, AudioCodes және Beeline Kazakhstan арасындағы ынтымақтастықтың арқасында бұл шешім Қазақстанда кез келген кәсіпорын және кез келген сала үшін қолжетімді.
Business FM: Көпшілік Teams құралын корпоративтік қарым-қатынасқа арналған деп елестетеді. Оны клиенттермен жұмыс істеуге қолдануға бола ма?
Дамир: Әрине болады және қолдану қажет те. Teams телефония коммуникацияның кез келген түріне – ішкісіне де, сыртқысына да жарайды. Пандемия компанияларды, соның ішінде Beeline Kazakhstan компаниясын жұмыс үдерістерін ұйымдастыруда стратегиялық өзгерістер енгізуге мәжбүрледі. Бізге қызметкерлердің тиімді қашықтан істейтін жұмысын жөнге келтіруге болатын құралдар қажет болды. Teams телефонияны таңдадық – нәтижелер күткенімізден де асып түсті.
Әлі күнге дейін бұл шешім қызметкерлерімізге кез келген нүктеден және кез келген құрылғыдан ортақ желіге қосылуға, әріптестермен қарым-қатынас жасауға, клиенттердің кіріс қоңырауларын өңдеуге, құжаттар алмасуға, жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беріп келеді.
Business FM: Виктор, айтыңызшы, қандай құрылғылардан және қандай құрылғыларға қоңырау шалуға болады? Қоңырауды қабылдайтын адамның орналасқан жері маңызды ма?
Виктор: «Бірыңғайланған коммуникациялар» ұғымының жай чатта немесе дауыспен тілдесу мүмкіндігі ғана емес екенінен бастағанымыз жөн. Бұл кез келген құрылғылардан және кез келген орыннан жұмыс істеуге арналған құрал. Бұл Microsoft өте көп көңіл бөлетін маңызды аспект.
Microsoft Teams клиенті жүйе типіне қарамастан компьютердің жұмыс үстеліне де, мобильді платформаларға да орнатыла алады. Толық функционал барлық құрылғыларда қолжетімді. Осылайша Интернетке қосылған және Teams орнатылған құрылғы бірыңғайланған коммуникацияларға қолданыла алады. Әңгімелесушінің орналасқан жеріне қатысты шектеулер жоқ. Бастысы – қоңырау шалу үшін желіге қолжетімділік бар болуы тиіс.
Business FM: Сервис қорғалған коммуникация арналарына жата ма? Деректердің қорғалғанына сенімді болуға бола ма?
Виктор: Болады! Microsoft қауіпсіздік деңгейін қадағалап отырады. Деректер шифрланады, клиенттер деректерге қолжетімділіктің көптеген баптауларын пайдалана алады, мультифакторлық аутентификация қолданылады.
Business FM: Мобильді құрылғыларға қоңырау шалу мәселесіне келсек, Интернетке қосылу міндетті ме?
Дамир: Teams телефония арқылы жүзеге асырылатын кез келген қоңырау маршруттың екі типінен өтеді: Microsoft бұлты арқылы IP-маршрут және Beeline Kazakhstan желісі арқылы телефон маршруты. Сондықтан коммуникациялардың кез келген түріне Интернетпен байланыс қажет.
Business FM: Телефонияның мұндай түрі қандай бизнеске жарайды?
Виктор: Microsoft Teams – жаһандық тұрғыдан алғанда, ең көп сатылатын өнім. Біріктірілген коммуникациялар тұрғысынан ол – ең танымалы. Ол коммуникацияның барлық түрлерін бірден алмастырады. Егер бүгінде бизнес әртүрлі міндеттерді жүзеге асыру үшін әртүрлі өнімдер қолданып жүрсе, Teams бұл функциялардың бәрін бір арнаға біріктіре алатын шешім бола алады. Өнім бизнестің кез келген түріне жарайды – коммуникацияға арналған бірыңғайланған құралға айналады.
Business FM: Дамир, Beeline Kazakhstan компаниясының жұмысында Teams телефонияны қолданудың қорытындылары бойынша оның қандай артықшылықтарын атап өтер едіңіз?
Дамир: Ең басты артықшылығы – орналасқан жеріне немесе құрылғысына қарамастан барлық қызметкерлердің әрдайым байланыста болуы. Бұл бірыңғай жұмыс кеңістігінде жұмыс істеу, шетелде жұмыс істейтін әріптестер үшін актуалды мәселе. Қызметкерлердің бәрі енді бір желіге біріктірілген, бұл коммуникацияның және жалпы жұмыстың тиімділігін арттырады.
Business FM: Виктор, қалай ойлайсыз, Teams телефонияның Skype for Business құралынан айырмашылығы неде?
Виктор: Skype for Business – ол көбіміз бұрыннан білетін классикалық Skype емес. Бұл Microsoft-тың ірі компанияларға (сервер, инфрақұрылым, инсталляция) арналған корпоративтік шешімі. Microsoft Teams – көбірек мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа өнім. Бұлтты сервис өнімді компанияның жұмысына тез және жеңіл енгізуге мүмкіндік береді. Ол серверлерді және инфрақұрылымдық жабдықтарды орнатуды қажет етпейді – тек Microsoft лицензиясын, Beeline Kazakhstan компаниясының қызметін сатып алу ғана қажет.
Business FM: Әңгіме телефония жайлы болғандықтан, қандай да бір сымдар, қосылыстар қажет бола ма? Техникалық жағынан бұл қалай жүзеге асады?
Виктор: IP-байланыс тек Интернет желісіне қосылуды талап етеді. Ол сымды немесе сымсыз желі, 3G/4G/5G қосылыс болуы мүмкін. Түбегейлі талаптар жоқ. Жалғыз ғана нәрсе – Microsoft Teams сөйлесу бөлмелеріне арналған шешімдерге қойылатын талаптарды белгілеп береді. Бұл үлкен экрандармен және компанияның деректерді беру кезіндегі кескіннің сапасына қатысты өтініштерімен байланысты. Жеке қолдану тұрғысынан сымдарға немесе қосылыс түрлеріне байланысты ешқандай талаптар жоқ. Қосымша шығын шығару қажет емес.
Business FM: Қосылудың қандай тәсілдері бар? Қызметті қалай қосуға болады?
Дамир: Екі түрлі опция қарастырылған. Ең қарапайым және ең жылдам қосылу – бұлтты опция. Мұндай қосылу тәсілінде жабдықтар сатып алу қажет болмайды. Қандай да бір заңнамалық немесе ішкі шектеулері бар тапсырыс берушілерге екінші – сатып алынатын коммутатор ұсыну опциясы жарайды. Біздің мамандарымыз мұндай жабдықты жеткізіп, орнатып және пайдалануға енгізіп бере алады.
Business FM: Компания басқа жерге көшкен жағдайда баптауды өзгерту немесе қайтадан қосу қажет пе?
Дамир: Кеңселердің орнын ауыстыруы тұрғысынан алғанда шешім өте икемді және ыңғайлы. Microsoft Office 365 жеке кабинетінің логині мен құпия сөзі – қажет болатыны осылар ғана. Егер жаңа қызметкерлер келіп жатса немесе компанияның ауқымы үлкейсе, онда Office 365 лицензиялары қосымша сатып алынады, олардың шеңберінде бағдарламалық жасақтама және бір телефон желісін ұсынатын AudioCodes лицензиялары беріледі. Компания көшкен жағдайда қызметкерлер жеке кабинет арқылы есептік жазбаға кіреді де, бірден қызметтерді пайдалана алады.
Business FM: Виктор, байланыс қауіпсіздігіне келсек. Қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан, ал бір бөлігі – кеңседе отырып жұмыс істеуі мүмкін. Бәрінің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
Виктор: Microsoft компаниясында қауіпсіздікті басқаруға арналған құралдар аз емес. Баптаулардың арқасында Microsoft Teams сервисі қызметкердің компания периметрінің ішінде немесе одан тысқары орналасқанын анықтайды. Бұл әртүрлі қауіпсіздік саясаттарын қолдануға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікке келгенде бірінші кезекте гаджеттер мәселесін қозғаған жөн – көпшілік қолдануға ыңғайлы болуы үшін сервисті өз смартфонынан көргісі келеді. Қауіпсіздік саясаты Teams телефония шеңберінде деректердің берілуін қарастырады және смартфондағы дербес деректерді бөтеннің қолжетімділігінен қорғайды.
Сарапшылармен сұхбаттың толық нұсқасымен келесі сілтеме бойынша танысыңыз: