Хакимжан Куватов, Big Data бизнесті және ашық экожүйені дамыту бөлімінің басшысымен сұхбат
Қоғамды цифрландыру көптеген маңызды процестерді тездетуге және жақсартуға арналған тиімді құралдардың пайда болуына негіз болады, ол процестердің қатарына бейнесараптама да жатады. Бүгінгі таңда бейнесараптама көмегімен қызметкерлердің тәртіптеріндегі өзгерістерді тіркеуге, еңбек режимінің бұзылуын анықтауға және кез келген өндірісте қауіпсіздікті сақтауға қажетті көптеген басқа да маңызды міндеттерді шешуге болады. Бейнесараптаманың мүмкіндіктері мен келешектері туралы Big Data бизнесті және ашық экожүйені дамыту бөлімінің басшысы Хакимжан Куватов айтып береді.
BF: Бейнесараптама деген не және ол не үшін керек?
Х: Бейнесараптама – бұл «компьютер арқылы көру» қағидатына негізделген заманауи технология. Ол камераларды автоматты режимде сараптамалық деректер алу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер нысандар мен олардың әрекеттерін байқау, қадағалау, анықтау және болжау шін сәтті пайдаланылады. Бүкіл IT-индустрия және қоғамды цифрландыру туралы айтар болсақ, онда бейнесараптама адам өмірін жеңілдетіп, бизнес жұмысын жақсарту үшін керек.
BF: Бейнесараптаманы ендірген кез келген компания не ұтады?
Х: Ең алдымен, бұл жерде автоматтандыруға болатын күнделікті бизнес-тапсырмаларды шешу туралы сөз болып отыр. Әсіресе бұл ірі индустриалды компаниялар үшін қажет, әсіресе қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін тиімді Автоматты жүйе болған кезде өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жалпы оңай. Өнеркәсіптік бейнесараптама қауіпсіздік техникасы бұзылған және сақталмаған жерлерді жақсы қадағалауға көмектеседі. Нәтижесінде, алынған деректерді еңбек тәртібін талдау және өндірістегі әртүрлі оқиғалардың алдын алу үшін қызметкерлерді оқыту үшін пайдалануға болады.
BF: Бейнесрапатама ықтимал қауіпті жағдайдың туындағаны туралы ақпарат бере ала ма?
Х: Иә, әрине. Бейнесараптаманы осындай жағдай орын алғаны туралы хабарлама алуға болатындай етіп баптауға болады. Бұл ретте мұндай хабарламалар тез бапталып, кіріктіріледі де, мессенджерлер, қоңыраулар немесе СМС-хабарламалар арқылы жолданады.
BF: Мұндай жүйені бар инфрақұрылымға ендіруге бола ма?
Х: Көбінесе, бейнесараптаманы бар инфрақұрылымға ендіруге болады. Өте сирек жағдайларда камералар мен серверлерді аса қуатты түрлеріне ауыстыру керек болады.
BF: Қолдануға дайын жобаларды іске асырумен айналысасыздар ма?
Х: Иә, әрине, біздің ұсынатын қызмет мынадай – бізге келіп, бастан-аяқ толық сүйемелдеу алып кеткен клиенттер бар.
BF: Бейнесараптама ендірілетін кәсіпорынға байланысты жаңарту қажет бола ма?
Х: Бізге көбінесе өңірлерде қашықтан жұмыс істейтін орындары бар кәсіпорындарды кездеседі, олардың көбінде байланыстың қамтуы мен сапасы көбінесе жеткіліксіз деңгейде болып жатады. Мұндай кездері біз алдымен бейнесараптаманы іске қосу үшін негізгі болатын байланысты баптап аламыз.
BF: Бейнесараптаманы жеке бизнеске енгізуге бола ма?
Х: Мұндай мүмкіндік бар, қазірдің өзінде оны көптеген үйлерде пайдаланып жүр – бейнебақылау камералары орнатылады, олар кіреберістегі жағдайды бақылау үшін және қауіпсіздік деңгейін, соның ішінде кімнің кіріп және шығып жатқанын қадағалау үшін қажет. Осындай жағдайда мақсатты әрекеттерді анықтайтын бейнесараптама модельдерін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта бейнесараптама жеке сегментте экономикалық тиімсіздік тұрғысынан көп сұранысқа ие болмағанымен, болашақта қызмет арзандағанда пайдалануды қарастыруы мүмкін.
BF: Әртүрлі салаларда пайдаланылатын бейнесараптама жүйелерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма әлде қандай да бір стандартты шешімдер топтамасы бар ма?
Х: Біз жұмыс істейтін бірнеше негізгі сала бар. Олар – ірі индустриалды кәсіпорындар, мысалы тау-кен байыту комбинаттары және өндірістер, ауыл шаруашылығы және ритейл. Олардың әрқайсысына өз тәсілдері қолданылады. Ритейлде көбінесе дайын қораптар пайдаланылады, бұл жерде көбінесе келетін қонақтар санын есепке алу үшін қолданылады. Нарықтағы мұнай өңдеу саласы сияқты аса ірі ойыншылар үшін бейнесараптаманың жеке модельдері әзірленеді.
BF: Бейнесараптаманы пайдалану кезінде деректер қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Х: Біз белгілі сала үшін стандартты болып отырған тәсілдерді қолданамыз, оларда деректер тапсырыс берушінің аумағында қалады, ал біздің модельдер деректерді өңдеп, ақпаратты әлдебір есептеуіш көрсеткіштері, мысалы жиілік, уақыт және т.с.с. түрінде ұсынылады.
BF: Ал ендіру кезінде бір-нәрселер ескерілмей қалса, бейнесараптаманы жетілдіру қалай жасалады?
Х: Жетілдіру керек болатын жағдайлар – қалыпты процесс. Нарық өзгеріп, бизнес бір орында тұрмайтындықтан және жұмыс істеу тәсілін өзгертуді қажет ететіндіктен функционалды жетілдіру процесі де жүріп тұрады. Бұл жерде қызмет бизнес қажеттіліктерінің ыңғайына қарай көрсетіледі. Біздің компанияда бұл мәселемен арнайы жергілікті команда шешеді, ал бұл дегеніміз мамандардың мол тәжірибесі. Тағы бір айта кететіні, біздің IT-блок – бұл 700 адамнан құралған 100+ бөлімше, ол Big Data-шешімдерді талдаумен және әзірлеумен шұғылданады. Бұл біздің осындай қызмет көрсетуші ретіндегі негізгі артықшылығымыздың бірі.
BF: Бейнесараптамаға жасанды интеллектіні ендіру мүмкіндігі бар ма?
Х: Бейнесараптама жағдайында айтар болсақ, бизнестің әртүрлі міндеттеріне арналған түсінікті әрі негізгі шешімдер пайдаланылады, яғни, бағдарламалаудың түсінікті тілінде және қабылданған есептеу әдісі негізінде құрылған бейнесараптама модельдері пайдаланылады. Сондықтан бейнесараптамаға жасанды интеллектіні ендіру әзірге қажеттілік тудырып отырған жоқ.
BF: Шағын бизнес үшін бейнесараптама қаншалықты маңызды?
Х: Сирек жағдайда, қораптық шешімдерді ендіруге болады, алайда бейнесараптама көбінесе біршама ірі кәсіпорындарға арналған құрал, ол жерде масштаб көзделеді, шағын компаниядағыдай бір-екі камера емес, көптеген камераларды пайдалану көзделеді.
Біздің сарапшымен өткізілген толық сұхбатты мына сілтеме арқылы тыңдауға болады