August 28, 2023

2023 жылы роботтарға тапсырылатын негізгі 3 міндет

RPA технологиясы алдағы жылдары дамитын цифрлық трансформация бастамаларында басым күшке ие болып қала бермек. RPA технологиясының қазіргі түрі мен оның әртүрлі қолданылу нұсқалары әсіресе сатып алуда және бухгалтерлік есеп жүргізуде жағымды артықшылықтар мен ұтымдылық ұсынады. Олардың бірнешеуін толығырақ қарастырайық.

1. Сатып алуды басқару және/немесе тендерлерді іздеу

2023 жылы автоматтандырудың басты үміткері – сатып алу процесі. Осы қажырлы еңбекті талап ететін міндет қарқынды қол еңбегін қажет етіп, көптеген алуан түрлі пәрмендерді қамтиды. Автоматтандыру болмаса, сатып алумен айналысатын топтар сатып алатын тауарға тапсырысты қолмен енгізер еді, ал бұл кешігуге әкеп соғады және қателер санын көбейтеді. RPA технологиясының көмегімен бұл процесті автоматтандыруға болады.

RPA кез келген сатып алу кезіндегі бірқатар сөзсіз артықшылықтарды ұсынады. Процедураларды жүргізуге шығын мен уақытты қысқарту, қайталанатын тапсырмаларды автоматтандыру және қызметкерлердің тиімділігін арттыру, сондай-ақ жеткізушілерден ең тиімді ұсыныстарды алу сияқты осы және басқа да тапсырмаларды сатып алу кезеңінде RPA ендіру кезінде шешуге болады.

2. Шоттарды ұсыну

Шоттарды ұсыну – кез келген бизнестің ең маңызды аспектісі, ол уақыт пен ақшаны және басқа да маңызды ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірде-бір компания шотсыз өз серіктестері мен клиенттерінен төлемді ала алмайды.

The Aberdeen Group зерттеуіне сәйкес шоттарды ұсыну қажырлы еңбекті талап ететін процесс ретінде 4–16 күн алады. Шоттарды қолмен өңдеу бірнеше себеппен қайталанатын істер қатарына жатады. Шот-фактуралардың келіп түскен жеріне қарай олардың форматтары әртүрлі болуы мүмкін, басқа тілде жазылған болуы мүмкін, сондай-ақ олар әртүрлі компанияларда өзгеше болуы мүмкін. Және аталған ерекшеліктермен бітпейді. RPA осы және басқа проблемаларды шешуге көмектеседі.

3. Қорларды басқару

Қорларды басқару – күрделі міндет, өйткені бірнеше дереккөзден – тек ішкі көздерден ғана емес, сонымен бірге жеткізушілер мен іскери серіктестерден де алынған деректерді жинап, өңдеуді талап етеді. Кәсіпорындар RPA көмегімен түгендеу жүргізу барысында өз мақсатына жету үшін шығындар мен уақытты оңтайландыра алады.

Қорларды басқару ісінде роботтарды әркелкі пайдалануға болады. Жұмсалмайтын қорды бақылау және өңдеу, тауарлардың тапшылық тәуекелін жою немесе азайту, тапсырыстың орындалу уақытын қысқарту, сондай-ақ жеткізілетін өнімдер тізбегінің ашықтығын арттыру және қорлардың сәйкессіздігіне байланысты проблемаларды шешу үшін бағдарламалық автоматтандыру процесін қолдануға болады.

Компанияларды автоматтандыру осы міндеттерді шешумен ғана шектелмейді. RPA технологиясының мүмкіндіктері әлдеқайда мол. Beeline Business процестерді автоматтандырудың көптеген нұсқаларын ұсынады, бұл жерде дайын қораптық шешімдер мен сіздің бизнесіңіздің қажеттілігіне қарай жеке ұсыныстарды әзірлеу туралы айтылып отыр. Толық кеңес алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://robee.kz