January 9

Beeline Business ұсынатын KINSE тарифтері: мобильділік, үнемдеу, бақылау

Қазіргі заманда бизнесті корпоративтік мобильді байланыссыз елестету мүмкін емес. Business FM толқынында «Деловое утро» бағдарламасының эфирінде осы тақырып жайында сөз қозғалды. Студия қонағы, Beeline Business Қазақстан бизнес-сегментінің маркетинг қызметінің басшысы Дмитрий Праздников мобильді байланыстың қалай негізгі қызметтен процестерді үнемдеуге, ұйымдастыруға және командалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қуатты бизнес-құралға айналып жатқаны туралы айтып берді.

Корпоративтік байланыс туралы қауесеттер мен шынайы ақпарат

Көптеген кәсіпкерлер корпоративтік байланысты бюджеті үлкен ірі компаниялар ғана қолдана алады деп ойлайды. Дмитрий бұл қауесетті сейілтті: «Қазіргі уақытта корпоративтік байланыс шағын бизнес үшін де өзекті. Ол қолжетімді болып қана қоймай, қызметкерлердің кеңседен тыс жұмыс істеуі жиілеген сайын оның маңыздылығы да ұлғайды, ал мобильді бизнес-қолданбалар күнделікті жұмыстың бір бөлігіне айналуда».

Корпоративтік байланыс қызметкерлерді бірыңғай жүйеге біріктіріп, әр адам тіпті ғимараттан тыс аймақтарда жүрсе де, қажетті құралдарға қол жеткізе алады. Бұл ұялы телефонның енді тек байланыс құралы емес, толыққанды жұмыс орны екенін білдіреді.

Beeline Business Қазақстан тарифтері, атап айтқанда жаңа KINSE өнімі бизнес үшін жаңа көкжиектерді ашады.

  • Компанияның бірыңғай теңгерімі. Енді қызметкерлердің шоттарында қанша минут немесе гигабайт қалғанын бақылау қажет емес — барлық шығындар орталықтан бақыланады.
  • SIP-телефония. Шығыс қоңырауларына арналған қосымша шығындарды қажет етпейтін шешім колл-орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету үшін өте жақсы таңдау.
  • Виртуалды АТС. Бұл - қоңырауларды қызметкерлер арасында қайта үлестіру және сапаны бақылау үшін сөйлесулерді жазу мүмкіндігі, ең бастысы — сіздің клиентіңізге ендігәрі қысқа гудок түспейтін болады.
  • Қосылу оңайлығы. Барлығы «қораптан» жұмыс істейді: ешқандай күрделі баптаулар, қосымша қолданбалар немесе жабдықтар жоқ.

Бұл шешімдер, әсіресе, жылжымайтын мүлік агенттіктері, логистикалық компаниялар немесе ритейлерлер секілді қызметкерлері көп уақытын кеңседен тыс жерде өткізетін компаниялар үшін өте маңызды.

Тиімді, ыңғайлы, қарапайым

Қаржы тұрғысынан корпоративтік мобильді байланыс айтарлықтай артықшылықтар ұсынады. Дмитрий атап өткендей, үнемдеу уақыттан басталады: әр қызметкердің теңгерімін қадағалаудың қажеті жоқ, барлық төлемдер орталықтан жүзеге асырылады.

Сонымен қатар корпоративтік байланыс клиенттерді ұстап қалуға мүмкіндік береді. Қызметкерлер корпоративтік нөмірлерді пайдаланады, сондықтан қызметкер жұмыс орнын өзгертсе де, клиенттер әрқашан компанияда қалады.

Корпоративтік тарифтерді қолданатын командалар келесілерге ие болады:

  • жеке және жұмыс мәселелеріне қатысты байланысты толығымен бөлу;
  • қолдану ыңғайлылығы: теңгерімді толтыру туралы ойлау қажет емес;
  • корпоративтік қолданбалар мен ресурстарға кіру.

KINSE тарифтерін пайдаланудың сәтті мысалдарының бірі жылжымайтын мүлік агенттігі болды. Олардың қызметкерлері кеңседе де, одан тыс жерлерде де жұмыс істейді. Beeline Business арқасында олар клиенттермен байланыста болады, сұраныстарға жедел жауап береді және қызмет көрсету сапасын бақылайды.

«Виртуалды АТС компанияға клиенттерін жоғалтпауға және олардың бейілділігін арттыруға мүмкіндік берді, - деп атап өтті Дмитрий. — Клиенттер енді «басқа нөмірге қайта қоңырау шалыңыз» дегенді естімейді — қоңырау бірден қолжетімді қызметкерге бағытталады».

Трендтер және технологиялар: әрі қарай не болады?

Бизнеске арналған ұялы байланыс нарығы қарқынды дамуда және Beeline Business трендтермен ілесіп келеді.

  • Бизнес-қолданбалар және CRM. Смартфондарға көшкен бизнес-процестердің саны өсуде.
  • Корпоративтік ресурстарға қауіпсіз кіру. Қызметкерлер тек қорғалған желілер арқылы кіруге рұқсат алады, бұл деректердің жайылып кету қаупін жояды.
  • Нақты уақыт режиміндегі аналитика. Виртуалды АТС қызметкерлердің тиімділігін, өңделген қоңыраулар санын қадағалауға және тіпті сату көшбасшыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Beeline Business ұсынатын корпоративтік байланысқа қосылу өте аз уақыт алады. Тек бір ғана сұраққа жауап беру керек: қанша қызметкерді қосқыңыз келеді? KINSE тарифтері 3, 7, 15 және 30 адамнан тұратын ұжымдарға шешімдерді ұсынады.

Консультациялар алу және қосылу үшін 4004 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз, ал барлық ақпарат business.beeline.kz сайтында қолжетімді.

Сұхбаттың егжей-тегжейін біздің бейнемізден көре аласыз!