August 7, 2023

Оптоталшықты интернет: бизнес үшін несімен жақсы?

Оптоталшықты интернет 20-ғасырда пайда болып қойған, ал 21-ғасырда түрлі салаларда өз орнын жаулап алып жатыр. Алдымен ұғымды анықтап алайық. Оптоталшықты интернет — бұл сигналды жіберу үшін жіңішке шыны сымдарды, яғни оптикалық талшықты пайдаланатын технология. Біз төменде баяндайтын осы байланыс түрінің артықшылықтары да осыған байланысты.

1. Деректерді жіберудің жоғары жылдамдығы = барлық қызметкерлердің, соның ішінде қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің тиімді жұмысы

Оптоталшықты интернет — үлкен файлдарды жылдам жүктеп алу және жүктеп салу, жоғары сапалы бейнелерді трансляциялау және кідіріссіз онлайн-жиналыстардан ләззат алу мүмкіндігі. Бұл қашықтағы командалармен жұмыс істеген кезде өте пайдалы.

2. Жоғары сенімділік = азырақ уақыт бос тұру және іркіліс кезінде жылдамырақ қалпына келтіру

Оптоталшық деректерді жарық сигналдарының көмегімен жіберетін шыны немесе пластик талшықтардан жасалады. Сондықтан оптоталшықты кабельдер ауа райы жағдайларының немесе электрмагниттік кедергілердің әсеріне аз ұшырайды, бұл оларды күн күркірегенде, қар немесе нөсер жауын жауғанда кедергілер тудыруы мүмкін мыс кабельдерге қарағанда анағұрлым сенімді етеді.

3. Жоғары қауіпсіздік = барлық құпия деректің қорғалуы

Оптоталшықты кабельдер ұстап қалу мүмкін емес жарық сигналдарын қолданады, бұл оларды, мысалы, мыс талшыққа қарағанда анағұрлым қауіпсіз етеді. Бұл қасиет құпия деректермен жұмыс істейтін немесе қауіпсіздік қағидалары қатаң салалардағы бизнестер үшін аса маңызды — мұнда банктер мен қаржы ұйымдарын жатқызуға болады.

4. Ұзақ мерзімді болашақтағы экономикалық тиімділік

Бастапқыда оптоталшықты орнату құны дәстүрлі мыс қосылыстарын орнату құнынан жоғары болуы мүмкін екеніне қарамастан, болашақта бұл шығындардың орны толады, себебі оптоталшықтың қызмет ету мерзімі ұзақ, сондай-ақ ол жиі қызмет көрсетуді қажет етпейді.  Сонымен қатар оптоталшық бойынша деректер жіберудің жоғары жылдамдығы қызметкерлердің өнімділігін арттырып, бос тұру уақытын қысқартуы мүмкін, бұл қаражат үнемдеу үшін жағдай жасайды.

5. Масштабталулық = қымбат жаңартуларсыз бизнес мүмкіндіктерін кеңейту

Бизнестің өркендеуіне және өткізу қабілетіндегі қажеттіліктің артуына қарай оптоталшықты интернет елеулі жаңартулар енгізбей, осы өзгерістерге оңай бейімделуге мүмкіндік береді. Демек, бизнес инфрақұрылымның қымбат жаңартуларын жасамай, кеңеюіне қарай үздіксіз жұмысын жалғастыра алады.

Анағұрлым дәстүрлі байланыс түрлеріне қарағанда оптоталшықты интернеттің көптеген сипаттамалар бойынша ұтатыны анық. Оны қосу немесе барымен шектелу — әрбір жеке басшының шешімі. Бір жайт белгілі — оптоталшықты интернет бизнестің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Қалай қосылу керектігін білу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз: https://beeline.kz/b2b/ru/office/technologies сілтемесі бойынша өтіңіз.