Microsoft 365: бұлтты шешімнің артықшылықтары туралы
Microsoft 365 – жазылым негізіндегі бұлтты шешім, ол электронды поштаны, онлайн-қойманы, құжаттарды редакциялауды, онлайн-жиналыстарды және тағы басқа көптеген мүмкіндіктерді қоса алғанда өнімділікті жоғарылатуға арналған құралдардың ауқымды спектрін ұсынады. Ол интернетке қосылудың есебінен өздерінің құжаттары мен құралдарына көз келген құрылғыдан қолжетімділік ұсына отырып, компаниялар мен жеке тұлғаларға тиімдірек жұмыс істеуге көмектесу үшін әзірленген.
Барлық құжаттарға қолжетімділігі бар бір жазылым = шығындар мен уақытты үнемдеу + өнімділікті жоғарылату
Microsoft 365 шешімінің түйінді артықшылықтарының бірі оның Microsoft Word, Excel, PowerPoint және OneDrive секілді алуан түрлі бірнеше қолданбалар мен қызметтерді өзіне қамтуы болып табылады. Бұл бір жазылымды осы құралдардың бәріне қол жеткізу үшін қолдана алатыныңызды білдіреді, бұл оларды жеке-жеке сатып алумен салыстырғанда уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейді. Бұл сондай-ақ компанияларға жергілікті инфрақұрылымға қажеттілікті азайтатын бұлтты платформа ұсына отырып, АТ-ға жұмсалатын шығыстарын қысқартуға көмектесе алады.
Бұлтты қызметтер + негізгі қосымшалар = персоналдың мүмкіндіктерін кеңейту және командалық жұмысты жеңілдету
Өнімділікті жоғарылатуға арналған негізгі қолданбаларға қосымша Microsoft 365 сондай-ақ өз командаңызбен анағұрлым тиімдірек ынтымақтасуға көмектесе алатын Exchange Online және SharePoint секілді бұлтты қызметтерді де қамтиды:
- Exchange Online көмегімен электронды хаттар жібере және қабылдай, кездесулеріңізді жоспарлай және құжаттар алмаса аласыз – және осының бәрі бір платформада
- SharePoint платформасы құжаттарды сақтауға, бірлесіп қолдануға және басқаруға арналған орталық орын ұсынады, бұл командамен жобалар бойынша жұмыс істеуді жеңілдетеді
Кез келген бизнестің қажеттіліктеріне сай икемділік және масштабталғыштық
Microsoft 365 бұлтты шешімінің және бір артықшылығы оның икемділігі мен масштабталғыштығы болып табылады, сондықтан сіз өзіңіздің қажеттіліктеріңізге барынша сәйкес келетін пакетті таңдай аласыз. Бұл сіздің шағын не ірі бизнес иесі немесе өз өнімділігіңізді жоғарылатуға ұмтылған жеке тұлға болып табылатыныңызға қарамастан Microsoft 365 шешімінің сізге сәйкес келетін пакетін табатыныңызды білдіреді. Бұл жағдайда сондай-ақ қажеттілігіне қарай жаңа лицензиялар немесе жабдықтар сатып алу туралы уайымдамастан, пайдаланушыларды қосу немесе өшіру мүмкіндігін де айта кетуге болады.
Деректердің киберқатерлерден құпиялылығын қорғау
Барлық Microsoft 365 пакеттері бизнесті киберқатерлерден қорғауға көмектесетін деректерді шифрлау және көп факторлы түпнұсқалықты тексеру секілді сенімді қауіпсіздік функцияларын қамтиды. Олар сондай-ақ компанияларға нормативтік талаптарды сақтауға және өздерінің құпиялылығын қорғауға көмектесетін электронды деректерді сақтау және табу секілді сәйкестік құралдарын қамтиды.
Компанияларға лезде жұмысқа кірісіп кетуге көмектесетін бірқатар қолжетімді құралдар мен ресурстардың арқасында Microsoft 365 шешімін тарқату және басқару жеңіл. Бұл стратегиялық маңызы әлдеқайда жоғары бастамаларға зейін қоюға мүмкіндік бере отырып, уақытты және ресурстарды үнемдейді.
Жақсартылған коммуникация және командалық жұмыс = әлдеқайда ұйымдасқан ұжым
Microsoft 365 өзіне компаниялардағы қарым-қатынас пен командалық жұмысты жақсартатын Microsoft Teams секілді құралды қамтиды. Бұл сервис қызметкерлерге қарым-қатынасқа, құжаттар алмасуға және жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған ортақ орын ұсынады, бұл команданың өнімділігін арттырады және ұйымшылдығын жақсартады.
Әртүрлі құрылғылардан және әртүрлі нүктелерден жұмыс істеу мүмкіндігі = қызметкерлердің икемділігі және жұмылғыштығы
Microsoft 365 жазылымы интернет болған жағдайда қызметкерлерге кез келген орыннан, кез келген құрылғыда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл компанияны әлдеқайда икемді етеді, бизнестің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне ілесіп отыруға көмектеседі, сондай-ақ қай жерде және қалай жұмыс істейтіндеріне қатысты үлкен мүмкіндіктердің есебінен қызметкерлердің қанағаттану деңгейін жоғарылатады.
Автоматты жаңарту = ең жаға технологияларға ұдайы қолжетімділік және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату
Microsoft 365 компанияларға соңғы технологиялардан хабардар болып отыруға және сол арқылы ең жаңа құралдар мен ресурстарға қолжетімділіктің есебінен бәсекеге қабілеттілігін сақтауға көмектесетін тұрақты жаңартуларды және жаңа функцияларды қамтиды.
24/7 техникалық қолдау = кез келген сұрақтарды жедел шешу және бос тұрып қалудың болмауы
Және ең соңғысы, бұл бұлтты сервис компанияларға өзінің жазылымынан барынша пайда көруге көмектесетін алуан түрлі ресурстар мен құралдарды жан-жақты қолдауды қамтиды.
Microsoft 365 — бұл компаниялар мен жеке тұлғаларға әлдеқайда тиімді және өнімді жұмыс істеуге көмектесетін өнімділікті жоғарылатуға арналған құралдардың күшті жинағы.
Егер сізге өнімділікті жоғарылатуға арналған негізгі қолданбаларға, бұлтты қызметтерге немесе екеуіне де қолжетімділік қажет болса, қызметті қосу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://beeline.kz/b2b/ru/form