Robee Box: Beeline Business ұсынған қораптық шешімдер
Егер бизнесіңізге не компанияңызға үрдістерді роботтандыру қажет екеніне әлі де күмәндансаңыз, онда осындай технологияны ендіру арқылы алатын пайдаңызға назар аударыңыз.
Robee Box технологиясының артықшылықтары:
- уақытты үнемдеу – бағдарламаны бір-ақ рет баптап, барлық күнделікті тапсырмаларды роботқа арта аласыз
- түсетін пайданың артуы – бағдарлама тапсырмаларды тезірек орындайды, осылайша клиенттердің кідірістерге байланысты кетуі азаяды
- аудиториямен қарым-қатынасты жақсарту – бағдарлама тапсырыстар мен құжаттарды жылдамырақ рәсімдеп, сізге деген клиенттердің адалдығын арттырады
- шығындарды қысқарту – бағдарлама үрдістерді автоматтандыруға және қосымша мамандардың қызметінен бас тартуға мүмкіндік береді
- команданы уәждеу – қызметкерлер роботтың арқасында күнделікті үрдістерді орындамай, расында маңызды тапсырмаларға уақыт бөле алады
Бизнестерге арналған № 1 шешім – алаңдарда тендерлер іздейтін робот
Егер барлығын қызметкеріңіз істесе, осы сауал бойынша бір ай ішінде орындалатын операциялар саны 1000-нан асуы мүмкін. Бұл ретте қызметкер мыналарды орындауы тиіс:
- тендер туралы хабарламаларды қолмен басқару арқылы бақылау және деректерді жүктеп салу
- тендер туралы толық ақпаратты шығарып алуға, сондай-ақ оның қажетті параметрлерге сәйкестігін бақылауға көп уақытын кетіру
- ықтимал пайданы жіберіп алуға тап болу
Егер істі Robee қолға алса, онда айына 30 сағаттан артық уақыт үнемдейсіз, робот сатып алу порталын бақылаудан тендерлер базасын қалыптастыруға дейін жұмыстардың толық циклін орындайды.
Robee сіздің қызметкеріңіздің орнына:
- сатып алу порталдарына кіреді
- берілген критерийлер бойынша сүзгілерді толтырады
- іздеу нәтижелері бар Excel файлын жасайды
- әр хабарландыру жөніндегі құжаттаманы қалтаға сақтайды
- тапсырыс берушіге үрдістің орындалғаны туралы хабарлайды
Бизнестерге арналған № 1 қораптық шешімді қолданудың тиімділігі:
- жүктеп салу үрдісін автоматтандыру
- қателер санын азайту
- тендерлер туралы уақытылы ақпарат алудың арқасында пайданы жіберіп алмау
- өңдеу жылдамдығын кемінде 3 есеге арттыру
Бизнестерге арналған № 2 шешім – клиенттер мен жеткізушілердің сенімділігін бағалау
Егер барлығын қызметкеріңіз істесе, оған ықтимал контрагенттерді қолмен басқару арқылы бақылау керек, бұл ретте 1-2 дереккөзді жетекшілікке алу серіктес туралы толық мағлұмат бермейді. Бұндай жағдайда сенімсіз тараппен келісімге отыру қаупі жоғарылайды.
Егер істі Robee қолға алса, айына 25-88 сағат үнемдейсіз, бұл ретте робот контрагенттерді және олар туралы қажетті деректерді іздеу бойынша толық жұмыстар циклін жүргізеді.
Robee сіздің қызметкеріңіздің орнына мыналарды тексереді:
- сенімсіз салық төлеушілер тізімі
- заңды тұлғалардың тіркеу деректері
- соттар және шығуға тыйымдар
- сатып алудың жосықсыз қатысушылары
Бизнестерге арналған № 1 қораптық шешімді қолданудың тиімділігі:
- жүктеп салу үрдісін автоматтандыру
- қателер санын азайту
- жосықсыз серіктестермен келісімге отыру қаупін азайту
- операцияларды өңдеу жылдамдығын кемінде 3 есеге арттыру
Бухгалтерлерге арналған № 1 шешім – кіріс ЭШФ-ларды жүктеп салу және 1С жүйесімен салыстыру
Егер бәрін қызметкеріңіз істесе, оған күн сайын ақпараттың үлкен көлемін өңдеуге және деректерді қолмен салыстыруға тура келеді. Бұл ретте шаршау мен басқа да факторлардан болатын адам баласына тән қателерсіз болмайды.
Егер істі Robee қолға алса, онда айына 23 сағаттан көп уақыт үнемдейсіз.
Robbe сіздің қызметкеріңіздің орнына:
- қалтаға электрондық шот-фактураларды жүктейді
- оларды pdf-форматтан excel-форматқа түрлендіреді
- ЭШФ-ны 1С жүйесіне тасымалдайды
- қайталауларды қателерге шығарады
- түбіртек нөмірлерін 1С жүйесінде береді
- барлық деректерді біріңғай есепке енгізеді
Бухгалтерлерге арналған № 1 қораптық шешімді қолданудың тиімділігі:
- ЭШФ жүктеп салу және салыстыру үрдісін автоматтандыру
- қателерді болдырмау
- бір операцияны өңдеу уақытын кемінде 3 есеге қысқарту
Бухгалтерлерге арналған № 2 шешім – қаржы жүйесінен салыстыру актілерін жүктеп алу және контрагенттерге тарату
Егер бәрін қызметкеріңіз істесе, оған келетін құжаттардың үлкен көлемін күн сайын өңдеп, деректерді үнемі салыстырып отыру керек. Бұл жерде шаршау мен басқа да факторлардан туындайтын қателер туралы ұмытпаған жөн.
Егер істі Robee қолға алса, онда айына 30 сағаттан көп уақыт үнемдейсіз.
Robbe сіздің қызметкеріңіздің орнына:
- әр контрагент бойынша белгілі бір кезең ішіндегі актіні қалыптастырады
- шот бойынша және контрагент бойынша салыстыру актісін жасайды
- контрагенттерге құжаттарды таратады
Бухгалтерлерге арналған № 2 қораптық шешімді қолданудың тиімділігі:
- құжаттарды жүктеп салу және салыстыру үрдісін автоматтандыру
- операцияларды өңдеу жылдамдығын шамамен 5 есеге арттыру
- қызметтерді мақсатты сату арқасында қосымша табыс алу
Бухгалтерлерге арналған № 3 шешім – көпарналы еске салулар мен контрагенттерге хабарландыру жолымен дебиторлық қарызды бақылау және белсенді қысқарту
Егер барлығын қызметкеріңіз істесе, оған күн сайын қарыздардың өтелуін бақылап, контрагенттерге қарыз туралы еске салуға тура келеді. Қарызды уақытылы өтемеген жағдайда, компания табысты кешігіп алуға мәжбүр болады.
Егер істі Robee қолға алса, айына 25 сағаттан көп уақыт үнемдейсіз.
Robee сіздің қызметкеріңіздің орнына:
- қарызды өтеу қажеттігі туралы хабарламаларды оны өтеу сәтіне дейін тағайындалған мерзімділікпен жіберіп отырады
- шығыс есепке ақпаратты сақтайды
Бухгалтерлерге арналған № 3 қораптық шешімді қолданудың тиімділігі:
- өтеу жөніндегі деректерді салыстыру үрдістерін автоматтандыру
- контрагенттермен барлық байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі
- орындалатын операциялар жылдамдығын кемінде 5 есеге арттыру
- қарыздарды жылдам өтеу есебінен табысты арттыру
Осы технология туралы көбірек білгіңіз келсе, сілтеме бойынша кеңес алуға өтінім қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз https://robee.kz