Виртуалды АТС және IVR функциясы: барлық қоңырауды тиімді басқару үшін
Электрондық коммерция саласында жұмыс істейтін көптеген компаниялар кіріс қоңырауларын басқару кезінде қиындықтарға ұшырап жатады. Осындай жағдайлар үшін қоңырауларды тиімді басқару жүйесі әзірленген, ол барлық клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. IVR немесе интерактивті дауыстық мәзірді Beeline Business ұсынған Виртуалды АТС қызметі шеңберінде қосып қоюға болады.
Интерактивті дауыстық мәзір – бұл алдын ала жазылған, қоңырауларды бағдарлау қызметін атқаратын жүйе. Бұл қызмет қолданушы таңдаған параметрлерге сәйкес қоңырауларды автоматты түрде қабылдауға және шалуға мүмкіндік береді.
IVR функциясының болғанда клиенттермен өзарабайланыс жасау әлдеқайда жеңілдейді: әр қоңырау шалған абонент клиенттің сұрақтарына жауап беріп, көмектесетін белгілі бір маманға бағытталады. IVR жүйесі абонент өзі алғысы келетін қызметті таңдай алуы үшін автоматты түрде интерактивті мәзірді ұсынады. Бұл кезде қоңырау осы қызметтің қыр-сырын білетін маманға бағытталады. Басқаша айтқанда, IVR клиентке телефон түймелерін басу немесе дауыстап айту арқылы қоңырауды қажетті бөлімнің немесе қызметкердің қосымша нөміріне аударуға көмектеседі.
Интерактивті дауыстық мәзірдің міндеттері
IVR әкімшінің рөлін атқарады және әрі өз міндетін кәдімгі қызметкерлерге қарағанда әлдеқайда тиімді орындайды, осының арқасында кез келген бизнестің иелігінде тиімді қызметтері бар Виртуалды АТС болады. Біріншіден, интерактивті дауыстық мәзір бірнеше дауыстық хабарлама жазуға мүмкіндік береді, ол хабарламалар қоңырау шалған клиентке оның сұранысына қарай беріледі. Осы жағдайда IVR виртуалды автожауап берушінің рөлін атқарып, кіріс қоңырауды тиімді басқарады.
Интерактивті дауыстық мәзір арқылы баптауға болатын хабарлардың арасында мына түрлерін бөліп көрсетуге болады.
- Сәлемдесу хабарламасы – клиент сіздің компанияңызға бірінші рет хабарласқанда дәл осыны естиді, әрі бұл жай амандасу түрінде болуы мүмкін немесе жүйе абонентті керек маманға бағыттай алатындай көптеген жинағы бар мәзір түрінде болуы мүмкін. Осындай хабарлардың үлгілері: «Сәлеметсіз бе! Сіз «Бақыт жеткізу қызметіне» хабарластыңыз. Сату бөлімінің маманымен байланысу үшін 1-ді басыңыз. Тауар туралы ақпарат алу үшін 2-ні басыңыз»
- Күту хабарламасы – жүйе абонентті нақты бір қызметкермен байланыстырып жатқанда пайдаланылады. Осындай хабарлардың үлгілері: «Күтіңіз, сіздің қажетті маманмен байланыстырамыз»
- Компания бүгін жұмыс істемейтіні туралы хабарлама – бұл жағдайда қоңырау шалушы бүгін кеңсе жұмыс істемейтіні туралы хабар алады, сондай-ақ ағымдағы жұмыс сағаттары туралы толық ақпарат алады. Бұл өзарабайланысудың қызық түрі, ол клиентке неліктен қоңырауға түсе алмағаны, қай кезде қайта қоңырау шалуға болатыны туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Осындай хабарлардың үлгілері: «Сәлеметсіз бе! Өкінішке қарай, біз бүгін жұмыс істемейміз. Бізге жұмыс күндері сағат 8 бен 17 аралығында хабарлассаңыз болады немесе кері қоңырау шалуға тапсырыс беріңіз»
- Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру. IVR қоңырауды бірнеше секунд ішінде белгілі бір маманға қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Қоңырау шалушы қажетті қызметкерінің телефон нөмірін іздеуге немесе хатшы оны менеджерге қосқанша күтуге уақытын жоғалтпайды
- Компания беделін сақтау. IVR ендіру клиенттерге жеке қабылдауды ұсынады, сондай-ақ олардың мәселелерін тез әрі тиімді түрде шешіп береді, ал бұл кез келген компанияның клиент алдындағы беделін арттыратыны сөзсіз
- Сатылымдарды ұлғайту. Интерактивті дауыстық мәзір кәсіби қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді – клиенттер тауарды немесе қызметті сатып алған кезде өздерін әлдеқайда сенімді сезінеді
- 24/7 режимінде қолдау және көмек көрсету. IVR жұмыстан тыс уақытта да клиенттердің қоңырауына автоматты түрде жауап беріп, оларға қажетті маманмен хабарласуға болатын уақыт туралы ақпарат береді
- Адами факторға байланысты жіберілетін қателер санын қысқартады. Интерактивті дауыстық мәзір клиенттің сұрауын ескере отырып жоғары сапалы қызмет көрсете отырып тез әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді
IVR функциясының мүмкіндіктеріне Beeline Business ұсынған виртуалды АТС қызметін қосып көз жеткізуге болады.. Оны онлайн режимде https://beeline.kz/b2b/ru/form сілтемесі арқылы жасауға болады.