Виртуалды АТС – Автохатшы және топтық қоңырау функциялары туралы
Қандай компанияны басқаратыныңызға қарамастан – шағын бизнес болса да немесе корпоративтік деңгейдегі ұйым болса да – сіздің бизнес-қажеттіліктеріңіз бірдей болады. Сізге қызмет көрсетуге минималды шығынмен әртүрлі бөлімшелер арасында қоңырауларды бағдарлаудың тиімді әдісі қажет. Виртуалды АТС қызметі дәл осындай құралдарға жатады.
Корпоративтік байланыс қызметін орнатқаннан кейін компания 3 пайда алады:
- клиенттеріңіз үшін премиалды тәжірибе – компанияға түскен әр қоңырау тек жайлылық сезімін тудырады
- телефонияға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды қысқарту
- бизнесіңіздің бәсекеге қабілеттігін арттыру
«Автохатшы» шаршамайды және қате жібермейді
Виртуалды АТС мол функцияны пайдалануға мүмкіндік береді – дауыстық мәзір сияқты баптау туралы айтайық. Бұл жағдайда алдын ала жазылған дауыстық хабарламалар туралы айтылып тұр, олар телефон қоңырауларын клиент телефонынан тондық режимде теру пәрмені көмегімен бағдарлау қызметін атқарады.
Бұл қалай жұмыс істейді? Клиент өз телефонынан бір санды теру арқылы керек қызметкерге түседі және/немесе қажет бөлімге бағытталады – әр компания өз бизнесінің қажеттіліктерін ескере отырып әртүрлі сценарилер санын жаза алады. Бұл жағдайдағы маңызды міндет – әр кіріс қоңырауы көздеген мақсатына жетуі үшін клиент пен компанияңыздың қызметкерлері арасындағы жайлы байланысқа жағдай жасау. Виртуалды АТС-ты пайдалану клиенттің қоңырауына жауап болмайтын немесе үнемі бос емес желіге түсетін кезін болдырмайды, оған міндетті түрде жауап береді, жағымды музыка қосылып, сәл күте тұруды ұсынады немесе сұрауы бойынша өзіне қоңырау шалады.
Қызметкеріңіздің орнына дауыстық мәзір сәлемдесе және кез келген басқа ақпаратты хабарлай алады – сіз демалыс немесе мереке күндері келіп түсетін қоңырауларға жауапты баптап қоя аласыз. Осылайша, тауарларыңыздың және/немесе қызметтеріңіздің тұтынушыларымен өзара әрекет жасауға барынша мүдделі екеніңізді көрсетесіз.
Қоңырауды бағыттау және жазып алу
Егер клиент сіз басқа қоңырауға жауап беріп жатқанда қоңырау шалатын болса, жүйе қоңырауға жауап беру үшін кіріс қоңырауларды кезекке қойып, олардың мәртебесін үнемі жаңартып отыратын болады. Қолданушыға сұрауға жауапты тұлға соңынан тыңдай алатын хабарлама қалдыру мүмкіндігі берілуі мүмкін.
Бұл жерде әртүрлі бөлім қызметкерлерін топқа біріктіру мүмкіндігі туралы айтылып тұр. Мысалы, сізде сату бөлімі бар болса, оны бір топқа біріктіруге болады – барлық операторларға бірден немесе кезекпен қоңырау шалу үшін ережелер жасау нұсқасы ретінде. Операторлардың барлығы бос болмаса, желіде қанша адамның күтіп тұрғанын айтып тұратын роботты теңшеуге болады. Қоңырау аударымы функциясы да бар. Ол қоңырауларды сөйлесудің кез келген уақытында қысқа ішкі нөмірлер арқылы басқа мамандарға бұруға мүмкіндік береді.
Бұл Виртуалды АТС ұсынған функциялардың тек аз бөлігі. Бізге қоңырау шалып, бизнесіңізге арналған Ақылды телефония мүмкіндіктері туралы көбірек біліңіз. Кеңес алу және Қызметті қосу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз https://atsbeeline.kz