Private LTE: Әлемдік статистика
Сенімді, қауіпсіз әрі тез қосылуды қамтамасыз ететін технологияның танымалдығы тез артып келеді және бұл таңданарлық жайт емес. Кәдімгі LTE байланысқа қарағанда, жекеменшік LTE ұсыныстарының артықшылықтары әлдеқайда көп, соның ішінде деректерді аса тез беру, бірнеше құрылғыны қосу мүмкіндігі және аз кідіру. Бұл Wi-Fi-маршрутизаторларға ұқсас микромұнараларды орнату арқылы қамтамасыз етіледі, соның арқасында Private LTE жалпыға қолжетімді ұялы байланыс желілерінің кішірейтілген нұсқасы болады.
Private LTE және нарықтағы ірі ойыншылар
Private LTE жекеменшік LTE нарығының жалпы үлесінде басым, мұндай үрдіс әрі қарай да жалғаса бермек. Негізгі себеп – кәсіпорындар арасында өз бәсекелестері алдында қосымша артықшылыққа ие болу үшін жекеменшік LTE байланыстарын кеңінен ендіру.
Private LTE өнеркәсіп саласында ерекше сұранысқа ие болып отыр – ол АТ мен телекоммуникацияларға, мұнай-газ және энергетика салаларына, сондай-ақ ірі компаниялардың коммуналдық қызметтеріне анағұрлым қауіпсіз әрі жылдамдығы жоғары жекеменшік желілерді жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай желі соңғы пайдаланушыларға тез әрі еш қиындықсыз деректерге қосылуына, сондай-ақ интернет-қоңыраулар мен онлайн-трансляциялар жасауға көмектеседі. Бұған қоса, LTE жеке технологиялары қызмет көрсетуші компаниялар мен клиенттер арасындағы қатынасты тиімді үйлестіреді, ал бұл кез келген бизнестің қарқынды өсуіне алып келері сөзсіз.
Private LTE нарығына ықпал ететін факторлар
- Private LTE желісінің негізгі қозғаушы күші – оқшауланған жүйелерді көптеп ендіру. LTE жекеменшік желілері жоғары жылдамдық, көлемділік, жоғары қауіпсіздік деңгейі, аз кідіру, тұрақты жұмыс, аса кең диапазон және функционалдық үйлесімдік сияқты әртүрлі функцияларды ұсынады. Олар өнеркәсіптік заттар интернетіне қол жеткізу үшін қажетті талаптарды толықтырады.
- Жасанды интеллект, заттар интернеті және автоматтандыру сияқты озық технологиялардың пайда болуына байланысты жылдамдығы жоғары интернетке деген қажеттілік артып келеді. Кәсіпорындар өз операцияларын бұлттық инфрақұрылым мен өнеркәсіпті автоматтандыру сияқты әртүрлі цифрлық платформаларға көшіріп жатыр, бұл аса сенімді интернет пен деректерді қауіпсіз беруге қол жеткізу үшін сымсыз желіге деген қажеттілікті арттырып отыр.
- Private LTE нарығының дамуына экономикасы дамып келе жатқан елдерде өсіп келе жатқан цифрландыру процесі де ықпал етіп отыр. Ол жерде үнемді жылдамдығы жоғары интернет-қызметтерге сұраныс артып келеді, ал нарықтағы ірі ойыншылар жеке LTE желілері үшін инфрақұрылымды дамыту саясатына қолдау көрсетеді.
Жекеменшік желілер нарығының маңызды үрдісі – технологиялардың тез дамуы және нарықтың негізгі ойыншылары тарапынан жасалатын инвестициялардың артуы. Жекеменшік желілер нарығы Солтүстік Америкада, Еуропада, Азия-Тынық мұхиты аймағында, Латын Америкасында, Таяу Шығыста және Африкада кеңінен таралған.
Әрі қарай уақыт талаптарына сай болып, процеске қосылу ғана қалады. Beeline Business осы қызметті жеткізуші ретінде ірі кәсіпорындарға тиімдірек жұмыс істеуге көмектесіп келеді. Ол сіздің бизнесіңізге сай келетінін немесе келмейтінін білгіңіз келсе, https://beeline.kz/b2b/ru/form сілтемесіне өтіңіз.