May 21

Вебинар ізімен. Не себепті BeeVoice – бизнес-коммуникациядағы төңкеріс  

Бизнестің цифрлық трансформациясы жөнінде талқыланған вебинарда осы бағыттың сарапшылары жиналды. Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:

  • Михаил Гладких, NewBiz Beeline цифрлық трансформация жөніндегі сарапшысы;
  • Алексей Мурадов, VoximplantKit өнім кеңсесінің басшысы;
  • Наиля Валеева, VoximplantKit ТМД-да бизнесті дамыту басшысы.

Негізгі екпін бүгінгі күннің өзінде команда ішіндегі және клиенттермен коммуникацияны оңтайландыра алатын сервистерге қойылды. Автоматтандыру және роботтандыру бизнес-серіктестермен, тапсырыс берушілермен, тұтынушылармен өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Дауыстық роботтар және автоматтандырылған қоңыраулар әдеттегі кол-центрлермен (КЦ) салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие, сондықтан олар компанияны дамыту және масштабтау мәселесінде озық қадам болуы мүмкін.

Бизнестің цифрлық трансформациясы: клиенттерге бағдарлау

Жаңа құралдарды пайдалану клиенттердің мінез-құлқына, бизнес қалыпты шешімдер жинағымен шеше алмайтын клиенттердің үмітімен шарттасқан. Кез келген жаңа сервисті ендіру – әр компания бара бермейтін, салмақталған әрі жіті ойластырылған қадам. Бірақ бәсекелестер батылырақ әрі жылдамырақ болуы ықтимал болғандықтан, өзекті мәселелерге көз жұма қарауға болмайды.

Клиенттер өзін қалай ұстайды?

  • Ұсыныстар мен сервистің тереңінен дараланғанын күтеді
  • Компаниямен өзіне ыңғайлы арна арқылы байланысқысы келеді
  • Оларды түсініп, мәселелерін жылдам шеше алмаса, боттармен сөйлескісі келмейді
  • Суық қоңырауларға дайын емес
  • Өзара әрекеттестіктің жағымсыз тәжірибесін ұзақ есте сақтайды

Компаниялар не істейді?

  • Бірегей шешімдерді ендіреді және оларды CRM ішіне тереңінен интеграциялайды
  • Боттарды жасау үшін AI және бренд-дауыстарды пайдаланады
  • Өзінің технологиялық платформасымен АУКЦ-ді жіксіз интеграциялайды
  • Клиент жолын талдауға мүмкіндік беретін сараптамалық шешімдерді пайдаланады
  • СХ командаларды компанияның түрлі бөлімдеріне интеграциялайды

BeeVoice не үшін қажет?

BeeVoice – бұл Voximplant Kit базасында құрылған CPaaS-қызмет. Ол бизнес үшін байланыс-орталықты автоматтандырады және нейронды желілер базасындағы құрамдастарды пайдаланып, ақылды дауыстық роботтарды жасайды. Бұнымен шектелмейді! BeeVoice – бұл:

  • жаңа бағыттың (бизнес-үрдістің, қызмет көрсету арнасының) іске қосылуы;
  • түрлі арналарда ақылды боттарды жасау және КЦ-ға арналған сараптамалық шешімдерді қосу;
  • Аутсорсингтік КЦ жіксіз қосу;
  • Ескірген шешімдерден көшу және CRM, HRM, ERP, Bi-мен терең интеграция.

Өнімдік сценарийлер

  1. Кіріс коммуникация

BeeVoice қызметі бүгіннің өзінде байланыстарды өңдеуді роботтандыруға көмектеседі Ол қоңырауларды маршруттап қана қоймайды, сондай-ақ клиенттердің сұрауларын 60 тілде таниды. Тілді тану функциясы бұндай роботты дербестендіруге мүмкіндік береді. Егер деректер базасында сол пайдаланушы телефонының нөмірі мен байланыс деректері болса, онда кіріс қоңырау кезінде робот оның есімін атап, амандаса алады. Бұл роботпен сөйлесуді анағұрлым жағымды әрі икемді ете алады.

Кіріс қоңырау нақты бір бөлімге маршрутталуы мүмкін, сондай-ақ клиент өзі қызығушылық танытқан тармақ бойынша жіберілуі мүмкін. Бот бүкіл диалог тарихын сақтайды: клиент қай тілде сөйлеуді таңдады, қандай сұрақ мазалады, қоңырау барысында не деп жауап берді және т.б. Қоңырауды операторға бағыттағанда осы ақпарат бірден көрінеді – клиентке жүгінген сұрағын қайта қоюдың қажеті жоқ.

2. Шығыс коммуникация

Бот бір сарынды тапсырмалар бойынша жұмыстардың бір бөлігін өзіне ала алады. Бұл бірінші ретте өз базасы бойынша суық қоңырауларды іске асыратын компаниялар үшін жарайды. Робот сатып алуға қызығушылықты анықтауға көмектеседі.

  • Қашықтан сату
  • Лидтерді автоматтандырылған өңдеу және мақсатсыздарын шығару
  • Деректер базасын актуалдандыру
  • Қарызбен жұмыс
  • CSI және NPS сауалнамаларын жүргізу
  • Ұсыныстан сатып алуға дейінгі барлық кезеңде лидтармен жұмыс істеу
  • Жаппай мәтіндік және дауыстық хабарлар тарату

3. Қоңырауларға бірегей қызмет көрсету

Сату көлемін арттыру, шығындарды қысқарту және ресурстарды оңтайландыру мақсатында байланыс орталықтарында боттарды пайдалануға болады. Оператордың біріңғай байланыс терезесінің аясында дауыстық және мәтіндік хабарларды өңдеуге болады.

  • Жолды талдау және жіті сараптау үшін біріңғай платформада дауыстық және мәтіндік коммуникацияларға қызмет көрсету.
  • Жіксіз клиенттік тәжірибены ұсыну мақсатында инхаус және аутсорсингтік КЦ-ға арналған біріңғай шешім.
  • Диалогтар ұзындығын әрі қайталама хабарлар үлесін қысқарту үшін хабарларды зияткерлік маршруттау және CRM-мен интеграциялау.

Толыққанды БҚ сценарийлерді роботтандыруға, деректерді жинауға және оларды операторларға табыстауға мүмкіндік береді. Бұл ретте хабарлар бойынша метрикалардың толық пулы қолжетімді, оның арқасында клиент жолын талдау ыңғайлы.

Не себепті BeeVoice?

  • АҚ саласында тұрақты түрде сәтті сынақтан өтіп тұратын қауіпсіз платформа.
  • Шешімдер жұмыс тұрақтылығымен және бас тартуға төзімділігімен ерекшеленеді.
  • 3 қолдау арнасы берілген: телефон, чат, email. 24/7 техқолдаумен қатар дербес менеджер қарастырылған.
  • Баға құрудың мөлдірлігі, барлық қоңыраулар бойынша шығындарды егжей-тегжейлі есептеу, тұтыну көлемінің арқасында бағаны қысқарту.
  • Трафик бойынша жеке шарттар.

Вебинарды қарай алмағандармен кездесу жазбасын бөлісеміз: https://youtu.be/k1KBNLsmS10

BeeVoice қызметін интеграциялау, пайдалану және қосуға қатысты сұрақтарыңыз болса, beelinebusiness@beeline.kzэлектрондық мекенжайына жазыңыз