Beeline Business ұсынатын RPA технологиясы: бизнеске арналған 4 дайын шешім
Robee — компанияның өзінде табысты пайдаланылатын, сондай-ақ клиенттер арасында оң пікірлерге ие болған, Beeline Business әзірлемесі. Белгілі бір бизнес тапсырмаларды орындауды жеңілдетуге және нақты қызметкерлер мен бүкіл бөлімдердің жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік беретін Beeline Business ұсынған үздік 4 дайын RPA-шешімдерді жинадық.
1. Алаңдарда тендерлерді іздеу бойынша робот
Кімге пайдалы болады: кез келген маркетингтік компанияға немесе жарнама агенттігіне.
Роботтың параметрлеріне ол алаңдар мен агрегаторлардағы тендерлерді іздейтін кілт сөздер, сондай-ақ CRM-де мәмілелер таратылатын қызметкерлер үшін параметрлер енгізіледі.
2. Клиенттер мен жеткізушілердің сенімділігін бағалау. Критерийлер жиынтығы бойынша контрагенттерді жаппай тексеру
Кімге пайдалы болады: компаниялардың заң қызметтеріне немесе экономикалық қауіпсіздік бөлімдеріне.
Роботқа контрагенттердің ЖСН тізімі бар кесте беріледі. Қолжетімді 30-дан астам нұсқадан қажетті тексеру критерийлерін таңдауға болады. Содан кейін робот әр критерий бойынша бағандар толтырылған кестені береді. Кірісте және шығыста кестені 1С форматына бейімдеуге болады.
3. Кіріс электрондық шот-фактураларды 1С жүйесімен салыстыру
Кімге пайдалы болады: бухгалтерлік есеп жүргізетін кез келген компанияға. Ешбір компания бухгалтерлік есепсіз жұмыс істей алмайтындықтан, бұл жерде әңгіме кез келген бизнес туралы.
Робот esf.gov.kz порталында авторизациядан өтеді, өңделмеген ЭШФ-ны іздейді және 1С форматында тиісті құжатты табады. Содан кейін ол екі ресурстың деректерін салыстырады және қажеттілігіне қарай қаржы жүйесіне деректерді енгізеді. Бұдан басқа, робот түсімдер бойынша файлдарды салыстыра алады, ЭШФ жүктелмеген контрагенттер бойынша таратуды жүргізе алады, сондай-ақ тоқсандағы деректерді салыстырып, есеп жасай алады.
4. LinkedIn желісінен лидтер жинауға арналған робот
Кімге пайдалы болады: жарнамалық және маркетингтік агенттіктерге, сондай-ақ өз өнімдерін нарықта белсенді жылжытумен айналысатын ірі компанияларға.
Робот шешім қабылдайтын компаниялар мен нақты тұлғаларды таңдайды. Іріктеу критерийі — қызмет бейінінің және қызығушылық тудыратын тауарлар мен қызметтердің кілт сөздері бойынша. Содан кейін жүйе e-mail, телефондарды және LinkedIn профильдерін ұсынады. Біздің роботқа 50 елде 100 миллионнан астам байланыс дерегі қолжетімді екенін айта кету керек.
Егер сізді Beeline Business компаниясының бір немесе бірнеше RPA шешімдері қызықтырса және олардың көмегімен командаңыздың жұмысын қазір, бета-тестілеу кезеңінде оңтайландырғыңыз келсе, онлайн-форманы толтырыңыз