SMS Click – ең тиімді маркетингілік стратегиялардың бірі
SMS-жіберілім – брендтердің көпшілігі үшін, әсіресе электрондық сауда саласында маманданған компаниялар үшін ең тиімді маркетингілік құралдардың бірі. Заманауи сату құралы клиенттермен анағұрлым дербестендірілген коммуникацияны ретке келтіруге мүмкіндік береді, ал дұрыс пайдаланған кезде SMS-жіберілім басты табыс көздерінің бірі бола алады.
Осы құралдың артықшылықтарымен танысуды ұсынамыз, маркетингілік стратегияны іске қосқан кезде оларды әр бренд білуі тиіс.
1. Жоғары қатыстырушылық деңгейі
Басқа маркетингілік арналармен салыстырғанда SMS жоғары қатыстырушылық деңгейіне ие. Сарапшылардың бағалауы бойынша SMS-тің орташа ашылу көрсеткіші – 95 %, бұл ретте ол хабарлама алынғаннан кейін алғашқы үш минут ішінде ашылады. Салыстырар болсақ, электрондық пошта арқылы жіберілген хаттардың орташа ашылу көрсеткіші 25 % құрайды.
Мәтіндік хабарламалармен алмасу жоғары қатыстырушылық деңгейіне ие, себебі телефондар үнемі адамдардың қолында болады. Бұл жағдайда SMS «Кіріс хабарламалар» бумасына түскендіктен, жеке байланыс арнасы болып қызмет етеді.
2. Конверсияларға тамаша жарайды
Мәтіндік маркетинг конверсиялардың тамаша көзі бола алады. Сатып алушылардың көпшілігі хабарламаларды ашады, бұл брендке жаңа мүмкіндіктер береді. Сатып алушының затты сатып алуына түрткі болу үшін дұрыс хабарламаны қажетті адамға жеткізу мәселесін ойластырып алу ғана қалады. Мысалы, VIP-клиенттерге эксклюзивті жеңілдіктер жіберу үшін SMS-ті бейілділік бағдарламасымен біріктіруге болады.
SMS-жіберілім барлық маркетингілік арналар арасында ең жоғары табыстылық көрсеткіштерінің бірін көрсетеді. Жоғары қатыстырушылық көрсеткіштері конверсиялар санының көп болуына әкеледі. Оған қоса, SMS – салыстырмалы түрде арзан әрі қолжетімді маркетингілік құрал, сондықтан брендтерге өз хабарламасын көп адамға жеткізу үшін көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ.
4. Клиенттердің бейілділігін арттырады
Ұзақ мерзімді табысқа ұмтылатын бренд клиенттің бейілділігін ескеруі тиіс. Және SMS – мақсатты аудиторияның сеніміне қол жеткізудің тиімді тәсілі. SMS көмегімен клиенттерге жеңілдіктер, жаппай сату туралы хабарламалар жіберуге, жаңа өнімдер мен эксклюзивті ұсыныстарға ерте қолжетімділік беруге болады. Мұндай артықшылықтар бірегейлік сезімін тудырып, жаңадан зат сатып алуға түрткі болады.
SMS-ті клиенттерге тапсырыстар туралы пайдалы еске салулар жіберу, өнімдер жөнінде ұсыныстар беру немесе ақпараттық не болмаса консультациялық қолдау ұсыну үшін де пайдалануға болады. Осының бәрі клиенттердің брендке ұзақ уақытқа ғашық болуына себептеседі.
Қандай жақсарту қажет екенін түсіну үшін кез келген маркетингілік арнаның тиімділігін қадағалау өте маңызды. Ақылы арналарға қарағанда өз арналарыңызды қадағалау оңайырақ болады, себебі жазылмандар туралы деректерге толық қолжетімділігіңіз бар. Сіз клиенттерді білесіз, хабарламаңыздағы сілтеме арқылы өткен адамдардың санын көре аласыз, сондай-ақ одан әрі сайтыңызда жасалған әрекетті қарау мүмкіндігіне ие боласыз: тауарды сатып алды, қарады немесе себетке қосты.
6. Клиенттер туралы көбірек білуге көмектеседі
Өзара әрекеттескен сайын сіз клиенттер туралы құнды деректер жинайсыз, оларды жарнамалық науқандарыңыздың тиімділігін арттыру үшін пайдалануға болады. Автоматтандырылған мәтіндік хабарламалар клиенттерге олар қызуғышылық танытқан өнімдерді немесе олар жіберіп алуы мүмкін жаппай сатуды еске сала алады. Уақыт өте келе, сіз анағұрлым өзекті контент жіберу мүмкін болуы үшін әрбір жазылманға ұнайтын өнімдерді білесіз.
7. Қазіргі клиенттерді ұстап қалуға көмектеседі
Клиенттерді ұстап қалуға қаржы салатын компаниялар саны артып келеді, себебі бұл жаңа сатып алушыны іздеуге қарағанда арзанға түседі. Клиенттердің релевантты контентке қызығушылығын сақтау клиенттің ұзақ мерзімді келешекте сіздің клиентіңіз болып қалу мүмкіндігін арттырады. Ал бұл брендіңіздің көбірек табыс алатынын білдіреді.
8. Экономикалық тұрғыдан тиімді құрал
SMS-жіберілім бюджеті шектеулі брендтерге тамаша жарайды. Ол кез келген басқа маркетинг құралына қарағанда арзанға түседі.
Хабарламаларды жаппай жіберу клиенттеріңізбен лезде дерлік байланысуға мүмкіндік береді. Статистика бойынша хабарламалардың көпшілігі жеткізілгеннен кейін үш минут ішінде ашылады. Бұл SMS-жіберілімді аудиториямен жылдам байланысып, шұғыл жаппай сату немесе тапсырысты жаңарту туралы хабарлау қажет болатын жағдайларда керемет нұсқа етеді.
SMS-маркетинг бұрынғыша аз қолданылатын арна болып отыр, бұл сізге өз салаңызда оның артықшылықтарын пайдаланатын аздаған адамдардың қатарында болуға мүмкіндік береді.
SMS-жіберілім жеткізушілерінің бірі – Beeline Business кеңесі. Тым ұзақ күтпеген жөн, бұл құралдың мүмкіндіктерін қазір пайдалана бастаңыз. SMS Click қызметінің аясында біз брендіңіздің танымалдығын арттыруды, клиенттердің көңілін аудартуды және, әрине, белсене сатуды ұсынамыз. SMS Click қызметін https://beeline.kz/b2b/ru/sms-click сілтемесі бойынша дәл қазір қосыңыз