Axenta көмегімен толық көрініс: жасырын шығындарды азайта отырып, автопаркті басқарыңыз
Күн сайын компаниялардың автопарктері жанармайға, бос тұрып қалуға, ұсақ апаттарға және көліктерді мақсатсыз пайдалануға байланысты қаржы жоғалтып отыр. Мәселе – басшылардың көбіне толық көріністі көрмеуінде. Деректер шашыраңқы, бақылау жетілдірілмеген, ал жүргізушілер «қара жәшік» күйінде қалады.
Алайда қазіргі технологиялар бұл жүйенің ішіне үңіліп, бейберекеттілікті басқарылатын үдеріске айналдыруға мүмкіндік береді.
Axenta – мобильді объектілер мониторингі жүйесі
Платформа кез келген көлік түрін бақылауға арналған: жеңіл автокөліктерден бастап жолаушылар автобустары мен арнайы техникаға дейін. Ол Қазақстан жағдайына бейімделген және кең ауқымды жабдықтарды қолдайды: Galileosky, Teltonika, ARNAVI және басқа да көптеген құрылғылар.
Алайда ең бастысы – бұл жай ғана көліктерді «қадағалау» емес. Бұл – бизнес үшін негізгі сұрақтарға жауап беретін құрал.
Отын: шығын бабынан үнем көзіне дейін
Төгу, толық құймау, тиімсіз маршруттар – мұның бәрі пайданың азаюына әкеледі.
Axenta платформасы мыналарға мүмкіндік береді:
- нақты уақыт режимінде жанармай шығынын бақылау;
- төгу фактілерін және өзге де заңсыз әрекеттерді жедел анықтау;
- әрбір техника бірлігін пайдалану тиімділігін талдау.
Енгізу нәтижесі – отын шығындарының қысқаруы.
Қауіпсіздік: өмір мен мүлікті қорғау
Ұсақ және орта жол-көлік оқиғалары – бұл тек жарақаттар мен бос тұрып қалу ғана емес, сонымен қатар сақтандыру құнының өсуі мен бедел тәуекелдері. Платформа апаттардың салдарын тіркеумен ғана шектелмей, олардың алдын алуға көмектеседі.
- Жүйе жүргізу мәнерін талдайды: күрт жеделдету, тежеу, бұрылыстар.
- ЖКО орын алған жағдайда, оқиға орны, уақыты және ауырлық деңгейі көрсетілген жедел сигнал (FNOL функциясы) бірден жіберіледі.
- Апаттың толық көрінісін қалпына келтіріп, жағдайды объективті түрде талдауға болады.
Осындай деректердің арқасында компаниялар ұсақ және орта жол апаттарының санын азайтады.
Бақылау: геоаймақтардан қызметкерлер әрекеттеріне дейін
Сізде ондаған немесе жүздеген көлік болған кезде, олардың әрқайсысының қайда екенін және немен айналысып жатқанын білу – оңай міндет емес. Axenta толық бақылауды қамтамасыз етеді.
- Маршруттар мониторингі – көліктің белгіленген бағытпен жүріп жатқанын әрдайым көріп отырасыз.
- Геоаймақтар – көлік тыйым салынған аймаққа кіргенде немесе рұқсат етілген аймақтан шыққанда хабарлама алатын боласыз.
- Жүргізушілер бойынша аналитика – жүргізушілерді объектілерге бекітіңіз, олардың жұмысын бағалаңыз, бұзушылықтарды анықтаңыз.
Бұл, әсіресе, қызметтік көлікті мақсатсыз пайдалану мәселесіне тап болатын компаниялар үшін аса маңызды.
Платформадан дайын шешімге дейін
Әрбір компанияда терең баптау мен интеграцияға жеткілікті ресурстар бола бермейтінін түсіне отырып, біз барлық қажетті құрамдастарды қамтитын «толық аяқталған» шешімді ұсынамыз: телематикалық құрылғылар, SIM-карталар, орнату, жеке кабинетке қолжетімділік және техникалық қолдау. Сіз тез өтелетін және нақты пайда әкеле бастайтын, тексерілген әрі ауқымдауға дайын шешім аласыз.
Айқындық пен тиімділікке қадам жасаңыз → біздің сайтта өтінім қалдырыңыз. Біз тегін кеңес өткізіп, жабдық пен тарифті таңдауға көмектесеміз, сондай-ақ барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.