Киберқауіпсіздік трендтері
Киберқауіпсіздіктің 2023 жылғы басты трендтері: бизнеске нені білу қажет?
Компаниялар қорғаныс бойынша шешімдер енгізіп, негізгі қауіпсіздік қағидаларын ұстанғанымен, кибершабуылдар саны бұлжытпай өсіп келеді. Осылайша, 2023 жылдың екінші тоқсанында ресейлік IT-компаниялар 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шабуылдардардың 4 есе өскенін байқап отыр. Positive Technologies аналитикасына сәйкес, әлемдегі жалпы инциденттер мөлшері 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 21 %-ға артқан.
- Жетекші тенденциялардың бірі IT-компанияларға шабуылдардың салааралық салдарының күшеюі болды
- Құрбандар көбінесе мемлекеттік мекемелер (17 %), өнеркәсіптік компаниялар (9 %), медициналық мекемелер (9 %) болды
- 2022 жылы алаяқтардың негізгі құралдары зиянкес БҚ (54 %), әлеуметтік инженерия (43 %), осалдықты пайдалану (34 %) болды
Криптовалюта да қасқойлердің назарын тартуда: сәтті шабуылдар саны екі есе өсті. Шабуылдардың 78 %-ында қаражатты ұрлап әкете алған. Залал мөлшері жүздеген миллион АҚШ долларымен есептеліп тұр. Positive Technologies мамандарының пікірінше, 2023 жылы криптовалюталық актив ұстаушыларына бағытталған шабуылдар саны тек өсіп жатыр.
Компаниялар заманауи киберқорғаныс құралдарын пайдаланса да, не себепті кибералаяқтардың шабуылынан өздерін қорғай алмай жатыр? Бұның себебі — киберқауіптер саласының құбылмалылығы мен белсенділігінде. Тенденциялар ылғи өзгеріп отырады: қылмыскерлер технологиялар саласындағы өзгерістерге жылдам ыңғайланып, анағұрлым жетілдірілген шабуыл әдістерін пайдаланады. Бизнеске киберқорғаныс саласындағы өзгерістерді қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзекті шешімдерді енгізу маңызды.
Киберқауіпсіздік: 2023 жылы не өзгерді?
Деректерді қағып алу ықтималдығын азайту үшін жұмыс үрдісінің тиісті мониторингін және құжаттардың көшуін бақылауды қамтамасыз ету маңызды. Көптеген компаниялар қашықтағы жұмыс орындары төндіретін қауіпті әлі де жете бағалай бермейді. Пандемия кезінде қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге асығыста ауыстырылды, көбісі әлі де үйінен жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл ретте тиісті қауіпсіздік деңгейі қамтамасыз етілмеді. Жұмыс үрдісін ұйымдастыру тәсілін қайта қарастырып, қауіпсіздік хаттамасын жетілдіру керек.
Қазіргі таңда сондай бағдарламалардың 120-дай түрі бар, бұл ретте алаяқтар зиянкес кодты епті жасырады. Әдетте олар бопсалаған ақшаны криптовалютада талап етеді, себебі оның ізін бақылау қиын. Шабуылдар жетілдіріле түсуде, себебі қылмыскерлер машиналық оқуды пайдаланады және даркнетте деректермен алмасады.
Осы типті кибершабуылдар елеулі залал келтіреді, ал 2020 жылы бопсалаушы бағдарламалар кесірінен бірінші өлім жағдайы тіркелді: шабуыл Германиядағы ауруханаға бағытталған. Шабуыл барысында негізгі жүйелер құлыпталып қалғандықтан, жедел көмекке зәру пациент оны уақытылы ала алмады.
Тиімді әрі оңай масштабталатын бұлттық сервистер компанияға кеңседе және қашықта аралас форматта жұмыс үрдісін ұйымдастырғанда қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қате баптауларға байланысты деректердің жылыстау ықтималдығы, сенімсіз құпиясөздерді, қорғалмаған желілерді, жеке құрылғыларды пайдалануға байланысты оқыс ішкі қауіптердің ықтималдығы жоғары. Оған қоса, компанияларға алаяқтар пайдалануы мүмкін ықтимал кіріс нүктелерінің үлкен көлемін бақылау маңызды.
Талдаушылар кеңесі: киберқауіпсіздікті қалай ұйымдастыру керек?
Gartner мамандарының пікірінше, бүгінгі таңда қауіптерді барынша азайту үшін адамға бағдарланған тәсілді қамтамасыз ету маңызды. Шешімдерді әзірлегенде және ендіргенде адамдық факторды ескеру қажет, сондай-ақ қорғаныс пен икемділікке кепіл беру үшін қауіпсіздік қызметтерінің қызметін қайта құру керек.
Gartner аналитикасына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жетекшілердің 50 % 2027 жылға қарай адамға бағдарланған киберқауіпсіздікті жоспарлау практикаларын ендіруге мәжбүр болады. Инциденттерді тұрақты түрде талдап, қауіпсіздік шараларын қолданбаудың басты себептерін анықтау маңызды. Жағдайды тұрақты түрде мониторингпен және жұмыс үрдістерін іске асыру қауіпсіздігін қадағалаумен қамтамасыз ететін шешімдерді ендіру арқылы инциденттер ықтималдығына жедел жауап қайтарып, компания деректерін қол сұғудан қорғауға болады.
Beeline Қазақстан ұсынған «DDoS-шабуылдардан қорғау» қызметіне дәл қазір онлайн режимінде өтінім рәсімдей аласыз, бұл қызмет аясында байланыс арналары тәулік бойы қорғалады және кездейсоқ немесе бағыттаулы шабуылдар жағдайында жылдам қалпына келу қамтамасыз етіледі. Өтінімді рәсімдеу сілтемесін пайдаланыңыз https://beeline.kz/b2b/kk/products/tariffs/ddos-attack.html