December 27, 2023

Кеңселік және мобильдік телефонияның үйлесімді тандемін қалай жасауға болады?

Компания басшылары жұмыс процестерін ұйымдастыруды өзгертуде әрдайым батыл шешімдер қабылдай бермейді. Цифрлық байланысқа көшу мақсатында аналогтық байланыстан бас тарту әлі де көпшілік үшін даулы мәселе болып келеді. Әйткенмен түбегейлі шешім қабылдау үшін, бұлтты телефонияның артықшылықтарын қарастырып, оны пайдалану кезіндегі үнемділікті есептеу жеткілікті.

Виртуалды АТС қызметкерлерге қоңырауларды кеңселік нөмірлерден өздерінің мобильді телефондарына бағыттап, әлемнің кез келген жерінен жұмыс істеуге, контактілерді синхрондап, кеңселік және мобильдік телефония үшін бір нөмірді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұлтты телефонияның арқасында басқа қолданбалармен біріктіріп, видеоконференция жүргізуге болады, бұл кеңседегі коммуникация тиімділігін арттырады. Бұлтты телефония заманауи кеңсе үшін қоңырауларды басқару жүйесінің анағұрлым икемді, қолжетімді және тиімді мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Шын мәнінде, Виртуалды АТС телефония әлемі мен Интернет сияқты екі әлемді байланыстырады. Егер бұлтты телефонияның жұмыс принципін түсіндірер болсақ, адам телефон тұтқасына сөйлеп тұрғанда, оның дауысы цифрланып, Интернет арқылы жеткізіледі. Бұл бизнес үшін мол мүмкіндіктер ашып, сөйлесу үшін әлемнің кез келген жерінен кез келген құрылғыны пайдаланады. Бұлтты телефония – бизнеске икемділік пен мобильділік беретін заманауи жүйе. Компания кеңсе және мобильді телефондарда жұмыс істейтін қоңырауларды біртұтас басқару жүйесіне ие болады. Алайда бұл Виртуалды АТС-тың барлық артықшылығы емес.

• Қызметкерге әлемнің кез келген жерінен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін икемділік пен мобильділік.

• Кеңселік және мобильдік телефония үшін бірыңғай нөмір командада, сондай-ақ клиенттермен және серіктестермен байланысуды жеңілдетеді.

• Қоңырауларды әртүрлі құрылғыларға бағыттау.

• Қашықтағы қызметкерлермен немесе клиенттермен видеоконференция өткізу.

• CRM немесе міндеттерді басқару жүйелері сияқты басқа қолданбалармен біріктіру.

• Қосу үнемділігі, себебі бұлтты телефония қымбат жабдық пен сымдарды қажет етпейді.

• Икемді масштабтау жаңа қызметкерлерді оңай қосуға мүмкіндік береді.

• Жоғары қолжетімділігі мен сенімділігі деректердің бұлтта сақталуымен және басқа құрылғыға байланысты болмайтынымен қамтамасыз етіледі.

Егер сіз әлі де күмәндансаңыз, біз Виртуалды АТС-ты пайдаланудың жеті күндік сынақ кезеңін тегін ұсынамыз. Бір аптаның ішінде бұлтты телефонияның мол мүмкіндіктерін және оны өз компанияңызда пайдалану келешегін түсініп, бағалауға болады. Кеңес алу үшін сілтемедегі онлайн-нысанды толтырыңыз.

Мобильді байланыс пен Интернет: кеңсеге арналған тиімді шешімдер

Бизнес-коммуникация жағдайында байланысты ұйымдастыру үшін қосулы шешімдердің арқасында қолжетімді икемділік пен мобильділікті ескерген жөн. Егер сіз дәстүрлі қосу нұсқаларына қалайтын болсаңыз, онда мобильді байланыс пен Интернет – кез келген кеңсе үшін оның ауқымына қарамастан ең қажетті құрал. Қызметтер пакетін қосу кезінде компанияның жұмыс процестерінің көлеміне сай келетін тиімді ұсыныстарға назар аударыңыз.

Мысалы, Beeline Business таңдауға Mansap желісіндегі бес тарифтік жоспарды ұсынады. Қолайлы қызметтер тіркесімі – бұл Интернетке кіру, қазақстан аумағындағы мобильді нөмірлерге қоңырау шалу, SMS-хабарлар жіберу, роумингте нөмірлерге және халықаралық бағытта кіріс және шығыс қоңырау шалу мүмкіндіктері. Mansap Bronze, Silver, Gold шағын және орта бизнеске, жеке кәсіпкерлерге қолайлы. Silver, Gold және Platinum тарифтерінің сөзсіз артықшылығы – кез келген онлайн-кассамен жұмыс істеуге арналған сервис, яғни Beeline ФДО қосымша қызметі. PREMIUM пакеті – бұл пакетте қоңыраулар мен Интернет гигабайттары әлдеқайда көп, сондай-ақ Виртуалды АТС-ты қосу мүмкіндігі бар.

Бұл тарифтік пакеттердің ыңғайлылығы – олардың бизнес үшін арнайы жасалуында және олар команда ішінде және клиенттермен байланысудың әртүрлі нұсқалары қарастырылғандығында. Кешенді шешім әртүрлі сала өкілдері үшін қолайлы. Қызметті сайттағықысқа нысанды жолдау арқылы онлайн қосуға болады.

Кеңседе Интернетті қолданбауға бола ма?

Бұл қарапайым сұрақтың жауабы компания ерекшелігіне байланысты. Көптеген компаниялар үшін Интернет – бұл ауадай қажет әрі таптырмас құрал, ол жұмыс процестерін ұйымдастыру, іскерлік операцияларды өткізу, ақпарат іздеу, клиенттермен және серіктестермен байланысу үшін пайдаланылады. Интернеттің болмауы компания жұмысын қиындатып, клиенттердің жоғалуына себеп болуы мүмкін.

Жекелеген жағдайды компаниялар байланысу немесе жұмыс істеу үшін Интернетті пайдаланбайды. Алайда бұл кезде бизнес даму және оңтайландыру үшін мүмкіндіктерді жоғалту ықтималдығын ескеруі керек. Бизнес үшін интернет-тарифтерді таңдаған кезде компанияның жұмыс кестесін, елдің немесе тіпті әлемнің әртүрлі аймақтарындағы филиалдардың болуын назардан шығармауы қажет. Уақыт айырмашылығы жұмыс процестерін шешу кезінде әріптестермен байланысуға кедергі келтірмеуі керек.

Компанияның жұмыс кестесі мен қызмет ерекшелігін ескере отырып, күндіз де, түнде де тұрақты жылдамдығы бар интернет тарифін таңдап алуға болады. Ал егер кешкі уақытта қызметкерлер интернетке қосылуды қажет етпейтін болса, онда Offixдеп аталатын кеңселік Интернет пакеті сияқты кешкі уақытта жылдамдығы төмен интернет тарифтері қолжетімді болады.

Қорытындылай келе

Әр компания тиімді байланысуға қолдануы қажет құралдар мен аспаптарды өзі анықтайды. Интернет, мобильді байланыс, Виртуалды АТС – жұмыс процестерін жүргізетін заманауи тәсілдердің болуы ескі клиенттерді ұстап қалып, жаңа клиенттерді тартуға көмектеседі, клиенттерден айырылу тәуекелін азайтады, сондай-ақ тапсырыс берушілердің адалдығын арттырады. Біз компанияңыз үшін тиімді нұсқаларды таңдап береміз – сілтеме арқылы өтіп, кеңес алыңыз https://beeline.kz/b2b/ru/form