April 15

Beeline ФДО жаңа цифрлық жолы. Бизнес нені білуі керек?  

ФДО сервисін енгізу – бұл ретейлдегі, тамақтану және қызмет көрсету саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру жолындағы үлкен қадам. Онлайн-фискализация шағын және орта бизнес өкілдеріне, жеке кәсіпкерлерге қолжетімді. Бүгінгі таңда тіпті шағын сауда орындары бухгалтерияны тиімді жүргізіп, тауар қозғалысын бақылап, сатуды болжай алады.

Бастапқыда ФДО чектерді салық қызметіне тапсыруға арналған жылдам әрі қауіпсіз құрал ретінде ұсынылса, қазіргі кезде сервис бизнесті дамытудағы таптырмайтын көмекшіге айналды.

  • Онлайн-касса бойынша барлық операция тіркеледі: чекті беруден бастап кассаны қайта тіркеуге және есептен шығаруға дейін.
  • Сервис сараптама мен есептілікке қолжетімділік ашады – барлық деректің құпиялылығы қатаң сақталады.
  • Онлайн-кассалар бойынша деректер салық қызметіне тікелей жіберіліп қана қоймайды. Олар жүйеде бес жылға дейін сақталады.
  • Барлық дерек реттелген, құрылымданған, есепке алынған. Кез келген ақпаратты жеке кабинеттен алуға болады.

Бизнес иесі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылай алады: сауда орнында қанша қайтару болды, қанша операция жүргізілді, түсім жағдайы қандай. Оған қоса, фискалдық жинақтағыш күйі жөніндегі ақпарат қолжетімді – кассаларды ауыстыру кестесін қадағалау сатудың тоқтауын болдырмауға мүмкіндік береді.

Beeline ФДО цифрлық жолын жаңарту

Сервисті re:Kassa бірыңғай терезесімен біріктірудің арқасында ФДО қосу және онлайн-кассаны тіркеу оңайырақ болды. Енді бір бетте жылдам әрі оңай тіркелуге, сервисті қосуға және жұмысқа кірісуге болады. Бұл жаңалық түрлі платформалар арасында ауысу қажеттілігін жояды, бұл уақытты айтарлықтай үнемдейді.

Beeline ФДО-ның тағы бір жаңа жаңартуы өнімділікті арттыруға бағытталған: енді компанияның заңды мекенжайын тікелей ФДО платформасы арқылы өзгертуге болады. Бұл көмек алу үшін қолдау қызметіне жүгіну қажеттілігін жоққа шығарады, пайдаланушылардың уақытын үнемдейді.

Мұндай оңтайландыру бизнес-операциялардың тиімділігін және сервисті пайдалану жайлылығын арттыруға көмектеседі. Beeline ФДО-мен жұмыс істеу артықшылықтарына баға беріңіз – https://rekassa.kz/ru/ofd-beeline сілтемесі бойынша қосылыңыз.