August 17, 2023

Teams платформасы. Бизнеске не үшін қажет?

Бүкіл әлем бойынша 330 000-нан аса компания Microsoft Teams платформасын қолдануға енгізіп қойды. Бұл құралдың пайдасына осыдан артық дәлел ойлап табу қиын болар, сөйтсе де. Бұл қарым-қатынас түрі ненің арқасында осынша көп бизнестің сенімін жаулап алды?

1. Жай ғана қатынас чатынан көбірек

Кейбіреулер жаңылысып, бұл платформаны тек хабарламаларды тез алмасуға арналған құрал ретінде ғана көреді. Оның мүмкіндіктері әлдеқайда ауқымды. Чаттан шықпастан әртүрлі файлдарды қосып тіркеу, әріптестермен аудио- және бейнебайланыс – мұндай функционалмен аптаның жұмыс күндері әлдеқайда жайлана түседі. Оған қоса Teams платформасы өзге Microsoft өнімдерімен интеграциялана алады. Бұл бұдан әрі сөйлесу барысында қолданбаларды ауыстырып қосу қажет еместігін білдіреді.

2. Кез келген кездесуді жайлы жоспарлау

Кездесудің аджендасы — бір хатта, ал оның түйіні — басқасында. Әртүрлі жұмыс терезелерінен аз-аздап ақпарат жинау жаңылыстырады. Еш нәрсені жоғалтпау үшін барынша мұқият болуға тура келеді. Ал кез келген кездесуді Teams арқылы ұйымдастыру бұл үдерісті әлдеқайда жеңілдетеді.

Жиналысты құрғаннан кейін бірден қатысушылармен күн тәртібі туралы сөйлесуге, қарап көру қажет болатын файлдарды алмасуға, сондай-ақ жиналыстар мен тапсырмалар туралы жазбаларды қадағалап отыруға болады. Тіпті кездесуге шақырылған барлық бейтаныс адамдардың деректерінің тексерісі де қолжетімді. Және бір жағымды бонус – кейін іздеуге тура келмеуі үшін кездесуден кейін бірден қоңыраудың жазбасы дәл сол қосымша беттің ішінде қолжетімді болады.

3. Электронды хаттар азырақ

Teams платформасын қолдану электронды хаттар жіберілімінен алшақтауға мүмкіндік береді. Олар қажетсіз болып қалады. Ал сұрақ қоюды немесе файл жіберуді чатта да орындауға болады.

4. Жақсартылған ынтымақтастық пен қатынас

Teams платформасының Office 365 бағдарламасымен интеграциясы құжат бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданбаларды ауыстырып қосу қажеттігінен құтқарады. Word, Excel немесе PowerPoint құжатын Teams бетінде бірден жасауға, онымен әріптестермен бірден бөлісуге, содан кейін бірлесіп редакциялауға кірісуге болады.

5. Кез келген уақытта және кез келген жерде байланыста

Teams телефон қолданбасының арқасында әр қызметкердің барлық құжаттар мен басқа да қолданбаларға лезде қол жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл сервистің көмегімен оңай чатты бастауға, жиналысқа қосылуға немесе бірлескен жұмысты жалғастыруға болады. Тіпті сапарда жүрген кезінде де әрбір қызметкер компания ішіндегі барлық маңызды оқиғалардан хабардар бола алады.

Teams сіздің бизнесіңізді қалай оңтайландыра алады? Beeline Business мамандары айтып береді. Кеңес алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://beeline.kz/b2b/kk/form