Мұнай-газ саласының нысандарында Beeline Kazakhstan IoT-платформасын пайдалану сценарийлері
IoT мұнай-газ саласындағы жұмыс үрдістерін ұйымдастыру тәсілін түбегейлі өзгертеді. Заттар интернеті базасында цифрлық шешімдерді ендіру тиімділіктің өсуіне, шығындардың қысқаруына, қауіпсіздік деңгейінің артуына қолғабыс етеді. Қашықтағы нысандар мониторингі үшін компания Digital Bridge 2023 форумында таныстырған ақылды қалқан пайдаланылады. Ол құрылғылар жұмысындағы іркілістерді қашықтан қадағалауға және қажет болғанда қашықтағы жабдықты өшіріп-қосуға, апаттық оқиғаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қашықтағы жабдықтар мен нысандар мониторингі, шынайы уақыт режимінде жағдайды талдау және мәселелерді апаттық оқиғаға айналғанға дейін анықтау – IoT-платформа Beeline Business еңсеретін міндеттердің бір бөлігі ғана.
Өнеркәсіптік заттар интернетін ендіру мыналарға мүмкіндік береді:
- қашықтағы жабдықтың өнімділігін талдау
- ұңғымалардың, сорғылардың күйін бақылау
- жабдық коррозиясын, бітеліп қалғанын, ақаулығын уақытылы табу
- шаттық емес жағдайларды қадағалау және жұмыс үрдістерінің қауіпсіздігін арттыру
Қосылған датчиктер температураны, қысымды, қоршаған орта көрсеткіштерін бақылайды – ақпарат платформаға келіп түседі – персонал жабдық пен қызметкерлер жұмысын алған деректерді есепке ала отырып үйлестіреді. Желілік сценарийлердің алуантүрлілігі ең күрделі деген мәселелерді шешуге мүмкіндік берсе, әзірлеуші рөлі Beeline Kazakhstan-ға жаңа сценарийлерді минималды шығындармен іске асыруға мүмкіндік береді.
Платформа ұңғыма бойынша жалпы деректерді жинайды:
- Мұнай жинайтын нысандарға байластыру
- Мониторинг датчиктерін байластыру
- Өндіру түрі
- Жергілікті жерде орналасуы
Датчиктер, өлшегіштер, контроллерлер жүйелерінің көмегімен ұңғымалар туралы толығырақ деректер жинауға болады:
IoT платформасы ақпаратты жинау, талдау үшін, сондай-ақ ұңғымалар жұмысын тосын немесе апаттық жағдайларда басқару үшін пайдаланылады. Ол штаттық емес жағдайлар мен апаттар туралы уақытылы ақпараттандырумен, PUSH-хабарландыруларды таратумен және дыбыстық хабарландырулармен қамтамасыз етеді.
Заттар интернеті – кен орындарының картадағы орналасуын есепке ала отырып статисткасын жинау тәсілі. Схемаларды автоматты түрде жасап шығарып, кен орындарының схемаларының конструкторын іске қосуға болады.
Ұңымаларды аумақтық тиесілігіне қарай топтастыруға және оқиғаларды ұңғымалар шоғырына байланысты бақылауға болады. Сондай-ақ ұңғымаларды мұнай жинайтын нысандар бойынша топтастырып, мұнай жинайтын нысанның барлық ұңғымалары бойынша оқиғаларды бақылауға болады.
Нысандар картасын жасағанда нақты жердің мониторингін оған байластырып шектеуге болады. Ыңғайлы болу үшін картаға коммуникациялық желілерді қолмен не автоматты түрде салады. Файлдардан деректерді импорттауға болады.
Деректермен жұмыс істегенде статистика мониторға дашборд түрінде шығарылады – бұл бір экранда барлық ұңғымалардың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.
Мамандар сараптамалық есептерді ала алады:
- Ұңғымалардың барлық параметрлері бойынша есептілік қалыптасады
- Кез келген кезең сараптамасы жиналады
- Жұмыс уақыты мен байланыс болған уақыт көрсетілетін байланыстың болмауы жөніндегі есеп беріледі
Дебит тарихын сұрағанда статистика жинау кезеңін анықтауға, сондай-ақ деректердің кестелік не графиктік көрсетілуін белгілеуге болады.
Болжамдарға сәйкес, алдағы жылдары барлау және бұрғылау сегментінде сараптаманың өсуі жоспарланып отыр. Бұны мұнайды өндірудің өзіндік құнын азайту қажеттілігімен, сондай-ақ энергетикалық ауысу жағдайларында нормативтік талаптарды сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды іздеумен түсіндіруге болады. Барлау және өндіру сферасындағы IoT-шешімдеріне сұраныс детерминанттары қондырғылар жұмысының тиімділігіне, қауіпсіздікті арттыруға, шығарындылар бойынша қолданыстағы шектеулерді сақтауға, тасымалдау кезінде отынның жоғалуын қысқартуға қойылатын талаптар болып табылады.
Beeline Business цифрлық шешімдері бүгінгі күннің өзін де мұнай-газ секторының кәсіпорындарының жұмысына ендірілуде. Олар жұмыс үрдістерінің қауіпсіздік және тиімділікпен байланысты ағымдағы міндеттерін ғана шешуге көмектесіп қана қоймайды. IoT-платформа цифрлық трансформация жағдайларында ауқымдауға арналған әмбебап құралға айналып барады.
Beeline Business нақты бизнес сұраулары бойынша шешімдерді әзірлейді, сондай-ақ IoT-платформаларын ендіру сұрақтары бойынша кеңес береді. Тегін кеңесті дәл қазір алыңыз – онлайн-өтінімді https://beeline.kz/b2b/ru/products/iot сілтемесі бойынша жіберіңіз