Орман бақылауда: ЖИ өрттердің алдын алуға қалай көмектеседі
Қостанай облысы – бұл ауқымды орман алқаптары, шалғай аумақтар және күрделі жер бедері. Жақын уақытқа дейін мұнда өрттерді мониторингтеу үш ескірген әдіске негізделді:
- мұнаралардан визуалды бақылау (шектеулі шолу, адами фактор);
- әуе патрульдеуі (қымбат және тұрақсыз, тәулігіне бірнеше ғана ұшу);
- куәгерлердің қоңыраулары (ақпарат тым кеш түседі).
Кідірістің құны күйіп кеткен гектарлармен, ТЖ қызметтерінің жұмсаған ресурстарымен және орны толмас экологиялық зиянмен өлшенді. Тәулік бойы жұмыс істейтін және диспетчердің шаршауына тәуелді емес шешім қажет болды.
Orman-AI ерте анықтау жүйесі
Orman-AI жүйесі оператордың антенна-діңгекті құрылыстары базасында жұмыс істейді: базалық станциялармен бірге бейнебақылау камералары орнатылып, олар компьютерлік көру алгоритмдері бар бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылған. Бағдарламалық қамтамасыз ету бейнеағынды тәулік бойы талдайды және түтін анықталған жағдайда сигналды автоматты түрде операторға және жедел қызметтерге жібереді.
Orman-AI жүйесін енгізу орман аумақтарын мониторингтеуді 24/7 режиміне көшіруге және өрттерді анықтау уақытын бірнеше сағаттан 10–15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл өртті бастапқы кезеңде оқшаулауға және оның ірі өртке айналуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы бойынша кейс: деректер мен фактілер
Клиент: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Енгізу ауқымы: 2022 жылдан бастап облыста 34 камера орнатылды. Олар өңірдегі орман алқаптарының басым бөлігін қамтиды.
Нәтиже: жүйе жұмыс істеген уақыт ішінде 50-ден астам өрттің ерте кезеңде алдын алуға мүмкін болды.
Бұл іс жүзінде нені білдіреді? Өрт ошақтары әлі шағын кезінде сөндірілді. Ірі өрттердің алдын алынды, орман алқаптары сақталды, бюджет қаражаты үнемделді. Жүйе нақты жағдайларда өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Технология дамып келе жатыр! Тар бағыттағы шаралардан кешенді жүйеге көшу
2025 жылы Orman-AI жобасы барлық қатысу өңірлерін қамтитын жаңа технологиялық кезеңге өтті. Шалғай және қолжетімділігі қиын аумақтарды қамту үшін камералар Starlink спутниктік терминалдары арқылы қосыла бастады. Қазіргі таңда Алматы облысында екі камера осы технологияны пайдалана отырып жұмыс істейді – бұл тәжірибе алдағы уақытта ауқымдалады.
Сонымен қатар команда ұшқышсыз ұшу аппараттарын сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Дрондар камералардан келетін сигналдарды тексеру үшін, сондай-ақ жүйе қамтымайтын аймақтарды автономды патрульдеу үшін пайдаланылатын болады. Сынақтан кейін технологияны елдің басқа өңірлеріне енгізу жоспарлануда.
Enterprise Co (Beeline Қазақстан экожүйесі) атқарушы директоры Рауан Қабдрахимов атап өткендей: «Біз телеком-оператор инфрақұрылымының ЖИ технологияларымен үйлесуі өңір мен жалпы ел үшін басым міндеттерді шешуге бизнестің қосқан үлесін арттыратынына қуаныштымыз.» Orman-AI секілді жобалар өрттердің экологиялық және экономикалық салдарларының қаупін азайтып, тар бағыттағы шаралардан кешенді жүйеге көшуге мүмкіндік береді. Біз жобаны Алматы облысында және басқа да өңірлерде одан әрі дамытуды көздеп отырмыз».
Жүйенің сәтті іске қосылуы цифрландырудың табиғи апаттармен күрестегі ең тиімді құрал екенін дәлелдейді.
«Бұл жоба экожүйені қорғау саласында айтарлықтай сапалы серпіліс болды, – деп атап өтті Алматы облысы «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы Қанат Нүсіпбаев. – Туындаған қиындықтарға қарамастан, жоба алғаш рет қолданылған стандартты емес шешімдерді пайдалана отырып, сәтті жүзеге асырылды. Бүгінде біз тек түтінді тіркеп қана қоймай, қауіптерді басқарып, өңірдің табиғи байлығын сақтап отырмыз».
Қорытынды
Цифрландыру уақыт пен қаржыны ғана емес, табиғатты да сақтайды. Orman-AI – технологиялардың нақты мемлекеттік міндеттерді шешіп, экологияны қорғаудың айқын үлгісі. Телеком-инфрақұрылым, ЖИ және ұшқышсыз ұшатын аппараттардың үйлесімі ормандарды қорғаудың мүлде жаңа жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе Қостанай облысында өз тиімділігін дәлелдеп, ауқымды түрде енгізілуге дайын.
Егер сіздің бизнесіңіз немесе өңіріңіз өрт қаупіне тап болса – шалғай нысандарда, далалық аумақтарда немесе орман шаруашылықтарында – Orman-AI жүйесінің аумақтарыңызды қалай қорғай алатынын біліңіз → кеңес алуға өтінім қалдырыңыз: https://business.beeline.kz/orman-ai