March 14

Виртуалды АТС функцияларына шолу: сервис сату бөліміне қалай көмектеседі?

2024 жыл – маркетинг пен сату бөлімдерінің алдынан кездесетін қиындықтардың жаңа үлесі. Көп міндетті атқару режимінде және шектеулі бюджет жағдайында жұмыс істеу – кәсіпқой мамандардың өзі үшін де нағыз квест. Тығырықтан шығу үшін тиімді цифрлық құралдарды пайдалану қажет. Виртуалды АТС әр басшыға таныс басты проблемаларды еңсеруге мүмкіндік береді.

  • Өткізіп алған қоңыраулар

Егер ықтимал немесе бар клиент тауарға/қызметке қызығушылық танытып, сатып алу жөнінде шешім қабылдағанда немесе өнімге қатысты ақпаратты нақтылағысы келгенде, оның қоңырауына ешкім жауап бермесе, бұл компания үшін үлкен сын. Біріншіден, сіз клиент жоғалтасыз – ол тауарды басқа жерден сатып алғандықтан, сізге оралмауы мүмкін. Екіншіден, имиджге нұқсан келуі мүмкін – брендке деген адал ниетті жоғалту салдарынан нарықта жағымсыз беделіңіз қалыптасуы мүмкін.

  • Қызметкерлерге түсетін жүктеменің біркелкі болмауы.

Мамандардың қайсысы өз міндетін адал атқармайтынын түсіну үшін жүктеменің үлестірілуіне мониторинг жүргізу жеткілікті. Виртуалды АТС арқылы бұл оңайға түседі. Қоңыраулардың қабылдануын талдау нағыз құнды қызметкердің күйініп кетуінен және жұмыстан кетіп қалуынан сақтайды.

  • Сервис сапасын бақылау.

Тіпті барлық кіріс қоңырау қабылданғанның өзінде сатылымның өсімі төмендеп кетуі мүмкін. Дөрекілік, біліксіздік, тауар мен қызметтер туралы білімнің болмауы – осының бәрі клиенттен айырылып қалуға алып келеді. Тым ұзақ бос сөйлеу сатылымды арттырмайды.

Виртуалды АТС ыңғайлылығы – тіпті бір қызметкерлер кеңседе істеп, екіншілері далада істесе, ал үшіншілері “қашықтан” жұмыс істейтін гибридті жұмыс түрінде де сату бөлімінің жұмысын бақылауда ұстауға болады. Бұл кезде жүйелі түрде өткізіп алынған/жауап берілмеген қоңыраулар туралы, әңгіменің ұзақтығы туралы, аптаның әртүрлі күндері мен тәулік мезгілдеріндегі қоңырау туралы есептерді зерттеуге болады. Басшылар қызметкер қанша қоңырауды өткізіп алады, қаншалықты ұзақ сөйлеседі, қарбалас сәттер мен демалыс күндері сатылым бөлімінің жүктемесі қандай деген деректерге сүйене отырып, бөлім жұмысын оңтайландырады.

Телефон арқылы сатуды қалай ретке келтіруге болады?

Виртуалды АТС функциясы кең болғаны соншалықты, тіпті оның көмегімен басшы алдында тұрған міндеттерден басқа міндеттерді де шешуге болады. Бұлтты телефонияны пайдалану қызметкерлер үшін де, клиенттер үшін де қолайлы.

Қызметкерлер

  • Корпоративті CRM немесе контактілер кітабы клиенттер бойынша статистика жүргізуге, ынтымақтастық тарихы туралы деректерді жинауға көмектеседі.
  • Қоңырауларды басқаға аудару, тіпті жұмыстан тыс уақытта, – бұл кіріс қоңырауларын жоғары жылдамдықпен және тиімділікпен өңдеу.
  • Қызметкерлер қысқа қосымша ішкі нөмірлер арқылы қоңырау шалу мүмкіндігін алады.
  • Қоңыраулар Интернет қосулы кезде сіз қайда болсаңыз да сіз таңдаған құрылғыларға түседі.

Клиенттер

  • Қоңырау қабылданбаған кездегі қысқа гуілдерді естіген әркімге болса да ұнамайды Қоңыраулар баптауларға сәйкес басқа нөмірге аударылады және қайта бағытталады.
  • Жұмыс істемейтін күндері немесе уақыт үшін хабарлама орнатып қоюға болады – клиенттер өзекті байланыс ақпаратын алады.
  • Дауыстық сәлемдесулер, күту әуендері, ескертулер, интерактивті дауыстық мәзір – клиент қысқа гуілдердің орнына өз сауалына көңіл бөлінгенін ерекше бағалайды.

Көпарна режимінде жұмыс істеу – бұл бүгінгі таңда кез келген сату бөлімі үшін болуы міндетті шарт. Көп қоңыраулар бір мезгілде қабылданып, таратылып тұрады. Әр клиентке тапсырысты рәсімдеуге немесе сипаттамаларды нақтылауға қажетті уақыт бөлінді.

Маркетологтарға Виртуалды АТС-тағы әңгімелерді жазып алу функциясын ұсынуға болады. Бұл менеджерлердің жұмысын бағалаумен қатар, скриптердің тиімділігін саралауға, клиенттердің жаңа қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Автохатшы, кері қоңырау шалу, бөлімдерге бөліп тастау – бір де бір қоңырауды өткізіп алмайтыныңыздың кепілі. Сонымен бірге дәл нөмірге баптауға, нақты бір клиенттің қоңырауын бұрын сөйлескен, тапсырыс қабылдаған немесе кеңес берген менеджеріне бағыттауға болады.

Виртуалды АТС-ты қосып, сервистің барлық мүмкіндіктерін өз бетіңізше тексеріп көріңіз. 7 күндік тегін тексеру кезеңін қолданып көріңізhttps://atsbeeline.kz/