IoT арналған болжам. 2024 жылы бизнесті не күтіп тұр?
Заттар интернетіне қосылған нысандардың саны ұдайы өседі. Analysys Manson деректеріне сүйенсек, 2022 жылы ірі кәсіпорындар IoT жүйесіне 1,5 миллиардтан астам құрылғыны қосты. Бұл көрсеткіш 2027 жылдың соңына қарай екі есе артады деп болжануда.
Gartner компаниясының талдаушылары 2025 жылға қарай әлемдегі барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жартысы IoT платформаларын енгізетініне сенімді. Заттар интернеті нарығындағы осындай өрлеуге бірнеше фактор әсер етеді: бұлттық есептеулерді пайдалану көлемі өсіп келеді, IoT сенсорларының құны мен қуат тұтынуы төмендеп барады. Жоғары жылдамдықты желілік коммуникацияларды құру бүгінде әлемдік нарықты қызықтырады.
Бірақ алыс болашаққа көз жібермей, тек алдағы жылға арналған болжамдарды зерттесек, бірнеше негізгі беталысты анықтауға болады.
Деректерді жылдам жіберуге назар салу
IoT өсуімен тұтынушылардың артқан үміттеріне сәйкес желілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Сондықтан 2024 жылы нақты уақыт режимінде ең аз кідіріспен жұмыс істейтін қолданбалардың жаңа буынын жасауға баса назар аударылады. Бұл Заттар интернетін пайдаланудың жаңа бағыттарын дамытуға ықпал етеді: автономды көлік, ақылды қалалар, виртуалды және толықтырылған шындық.
IoT интеллектуалды жүйелерін құру
Машиналық оқыту және жасанды интеллект Заттар интернетінің интеллектуалды жүйесін құруға ықпал етеді. ЖИ және МО алгоритмдері нақты уақытта деректердің үлкен көлемін талдауға қабілетті. Жаңа IoT жүйелері үйреніп, қоршаған ортаға тез бейімделе алады.
IoT-тегі блокчейн технологиясы
Блокчейн IoT құрылғыларының көмегімен алынған деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығы мәселелерін шешуге көмектеседі. Технология деректерді орталықтандырылмаған сақтауды және беруді қамтамасыз етеді. Бұл көптеген компаниялар үшін басымдық болады, өйткені IoT сенсорлары құпия деректерді жинау және беру үшін кеңінен қолданылады.
Тағы бір тренд — Заттар интернетін қолдайтын мобильді сенсорларды пайдалану. Тасымалданатын құрылғылар байланыста қалуға — ақпаратты жаңа тәсілмен жіберуге мүмкіндік береді. Бұл үшін трекерлер, ақылды көзілдіріктер, датчиктер, ақылды сағаттар, камералар қолданылады. Мобильді сенсорларды пайдалану нұсқалары түрленіп, жаңарады. Дауыспен басқару құрылғылармен өзара әрекеттесуді жеңілдетуге көмектеседі.
Қызметтер жеткізушісі ретінде кімді таңдау керек?
IoT саласындағы қызметтер жеткізушілерін қазірдің өзінде мұқият қарастырған жөн. Егер Заттар интернеті шағын және орта бизнеске арналмаған болып көрінсе, бұл қатеңіз қымбатқа түсуі мүмкін. Өйткені IoT құрылғыларын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана енгізіп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта тіпті шағын дүкен немесе автокөлік салоны ақша үнемдеу және сатылымдарды арттыру үшін бет-әлпетті танитын камераларды немесе басқа сенсорларды орната алады.
Сауда, денсаулық сақтау, энергетика, металлургия, көлік компаниялары, логистика — IoT қолдану схемалары өте көп. Әртүрлі тапсырмаларды орындауға арналған құралдар жиынтығын нақты бизнестің — сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктеріне сәйкес дербестендіруге болады. Бәсекелестеріңіз IoT шешімдерін енгізе бастағанша күтпеңіз.
Beeline Business-пен сәтті бизнесті бүгін-ақ бастаңыз. Тегін кеңес алу үшін https://beeline.kz/b2b/ru/products/iot#free-form сілтемесі бойынша онлайн-өтінім жіберіңіз