IoT Қазақстандағы бизнесті қалай өзгертеді
Заттар интернеті (IoT) — жай ғана технология емес, бизнес туралы түсінікті түбегейлі өзгерте алатын біртұтас тұжырымдама. Атап айтқанда, қалай өзгерте алады? Бұл туралы Beeline Business Қазақстандағы IoT-шешімдерін дамыту бөлімінің бастығы Саин Уразаев Business FM радиостанциясының эфирінде айтып берді.
IoT дегеніміз не және бизнеске не үшін қажет?
IoT немесе «заттар интернеті» - адамның қатысуынсыз құрылғылар бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын және деректерді өңдейтін технология. Beeline Business IoT-дің бизнесті оңтайландырудың кілті екеніне сенімді.
IoT-дің компанияларға ұсынатын басты артықшылықтары.
- Ресурстарды үнемдеу: процестерді автоматтандыру шығындарды азайтып, өнімділікті арттырады.
- Қауіпсіздікті арттыру: IoT қызметкерлер мен жабдықтарды қорғап, компаниялардың активтерін бақылауға көмектеседі.
IoT қай жерде қолданылады? Практикалық кейстер
Beeline Business көлік, ТҮКШ және сақтандыру секілді маңызды салаларға IoT-шешімдерін белсенді түрде енгізуде.
BeСonnect өнімі – GPS-трекинг пен жүргізушілердің мінез-құлқын талдаудың тиімді комбинациясы. Платформа бағыттарды оңтайландырып қана қоймай, жүргізу стилін де бағалайды. Көлікті ұқыпты айдаған жүргізушілер ұпай алады, бұл сақтандыру компанияларына жеке жеңілдіктер ұсынуға мүмкіндік береді.
Оған қоса, аналитика ЖКО-ны бейнежазбаларсыз қайта жаңғыртуға көмектеседі, бұл сақтандыру және логистикалық компанияларда үлкен сұранысқа ие. Мысалы, такси қызметі немесе автопарк жүргізушілердің машиналарды қалай қолданатынын қадағалауға, апаттардың алдын алуға және тіпті жөндеуге кететін қаржыны үнемдеуге мүмкіндік алады.
Beeline жабдыққа бөліп төлеуді ұсынады, ал 2025 жылдың қаңтарында трекерлер тегін берілетін акция басталады.
IoT бизнестің ғана емес, қарапайым азаматтардың да өмірін жеңілдетеді. ТҮКШ-ға арналған шешімдер суды, газды және электр қуатын есепке алу аспаптарынан деректерді автоматты түрде беруге мүмкіндік береді. Пайдаланушылар осы қызметтерді өздерінің қанша тұтынғанын қадағалай алатын мобильді қолданбаларға, ал компаниялар ресурстардың жылыстауын немесе заңсыз қолданылуын анықтауға көмектесетін аналитикаға кіруге рұқсат алады.
Эфир кезінде NB-IoT (Narrow Band IoT) технологиясына ерекше назар аударылды. Бұл байланыс стандарты құрылғыларға бір батареядан 10 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, энергия тиімділігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. NB-IoT технологиясында кедергілердің алдын алатын және деректердің сенімді берілуіне кепілдік беретін лицензияланатын диапазон қолданылатынын атап өту маңызды.
- ТҮКШ-та ресурстарды есепке алу;
- тіпті азғантай түтіннің шығуын тіркейтін өрт қауіпсіздігі жүйелері;
- үй-жайлардағы ауа параметрлерін бақылау.
IoT технологиялары үйреншікті салалардан тыс қолданылады. Мысалы, компания жақын арада датчиктердің көмегімен ауа сапасы, қозғалыс қадағаланатын және тіпті тыйым салынған жерлерде электронды сигареттердің қолданылуы анықталатын, мектептер мен кеңселерге арналған шешімдерді іске асыруды жоспарлап отыр. Саин Уразаев төмендегідей басқа да перспективті жобалармен бөлісті:
- жүйенің көмегімен жарық, жылу және желдету автоматты түрде реттелетін ақылды ғимараттар;
- бұзып кірудің алдын алатын және қозғалыстарды тіркейтін кешенді қауіпсіздік жүйелері.
IoT процестерді жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаға тигізілетін әсерді азайтуға көмектеседі.
- ТҮКШ-да есепке алуды автоматтандыру су мен энергияның шамадан тыс мөлшерде шығындалуын азайтады.
- Логистикада бағыттарды нақты жоспарлау CO₂ шығарындыларын азайтады.
- Эко-драйвинг секілді өнімдер тұтыну жауапкершілігін арттыруға ынталандырады.
IoT-мен жұмысты қалай бастау керек?
IoT-шешімдерін енгізу үлкен шығындарды талап етпейді. Beeline Business компанияларға ең жаңа технологияларды қомақты бастапқы жарнасыз қолдануға мүмкіндік беретін үлгілерді ұсынады. Толығырақ ақпарат немесе консультация алу үшін 4004 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз.
Егжей-тегжейін біздің бейнемізден көре аласыз!