Beeline Business AMM 2024 көрмесінде. Тау-кен металлургиясы саласында ойын ережелерін өзгертетін инновациялар
Маусым айында Астана қаласында тау-кен металлургиялық индустрияның ауқымды салалық шараларының бірі — Astana Mining & Metallurgy (AMM 2024) конгресі өтті. Жыл сайын бұл форум саясат, бизнес, қаржы және тау-кен ғылымдары саласындағы қазақстандық және халықаралық мамандардың диалог жүргізетін және кездесетін негізгі алаңына айналады. Конгрестің негізгі мақсаты — жер қойнауын пайдаланушылар үшін инновациялық шешімдерді іздеу, талдау және енгізу.
Конгресс аясында тау-кен металлургиялық сала тап болатын негізгі беталыстар мен сын-қатерлер талқыланды. Әртүрлі елдердің мамандары өз тәжірибесімен және секторды тұрақты дамытуға әрі өркендетуге бағытталған инновацияларымен бөлісті. Beeline Қазақстан компаниясының өкілдері инновацияларға және қызметтердің жоғары сапасына бейілділігін растай отырып, пікірталастар мен тәжірибе алмасуға белсене қатысты.
Саланың жұмысын ұйымдастыруға көзқарасты өзгертетін цифрлық шешімдер
AMM 2024 көрмесінде Beeline Қазақстан командасы өнеркәсіп нысандарында жұмыстың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға арналған бірнеше цифрлық шешімді ұсынды. Beeline Business көрме аймағы келушілерге жаңа технологиялармен танысудың бірегей мүмкіндігін берді.
- Private LTE — ірі өнеркәсіп нысандарында сенімді әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін LTE жеке желісі.
- RTLS жүйелері — нақты уақыт режимінде орналасқан жерді қадағалауға арналған шешімдер, бұл қауіпсіздік пен персоналды басқару үшін аса маңызды.
- Антинаезд (Басып кетуге қарсы жүйе) — адамдар мен техниканы басып кетуді болдырмау жүйесі.
- Group Communication (MCPTT) — далалық жағдайларда топтық байланысуға және іс-әрекеттерді үйлестіруге арналған жүйелер.
Beeline Business командасы Қазақстанда Private LTE жүйесін сәтті әзірлеу және енгізу кейсімен де бөлісті. Таяуда Ақмола облысындағы алтын қазатын RG Gold компаниясымен бірлескен жоба аяқталды. Бұл кейс Индустрия 4.0 мәнмәтінінде металлургия өнеркәсібін дамытудағы елеулі қадам болды.
Private LTE (pLTE) технологиясы абоненттер дауыстық қоңырау шалу және Интернетке қол жеткізу үшін пайдаланатын, көпшілікке қолжетімді сымсыз LTE (4G) байланысынан ерекшеленеді. Жеке LTE-желілер тек өндіріс қажеттіліктері үшін деректерді жіберудің жабық арналарын жасау үшін қажет.
Жеке LTE-желі түрлі өнеркәсіптік жабдықтарды, датчиктер мен контроллерлерді компанияның басқарушы серверлерімен байланыстырады. Бұл барлық жабдықты жоғары жылдамдықпен және төмен кідірістермен басқаруға мүмкіндік береді, телеметрияны жинауды, пәрмендерді жіберуді және қызметкерлермен байланысты қамтамасыз етеді. Private LTE телебасқару, роботтандыру және жоғары технологиялы IoT-жүйелердің элементтерін өрістету негізіне айналып жатыр.
Private LTE дәстүрлі шешімдерге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие.
- Жоғары жылдамдық және төмен кідіріс. Бұл параметрлер процестегі өзгерістерге лезде жауап қайтару қажет болатын өнеркәсіптік өндіріс үшін аса маңызды.
- Жоғары қауіпсіздік. Жабық желілер деректер мен коммуникациялардың сыртқы қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етеді, бұл өнеркәсіптік операциялар мәнмәтінінде өте маңызды.
- Икемділік пен масштабталулық. Жеке LTE-желі қажетті өнімділік пен қамтуды қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынның айрықша қажеттіліктеріне сай бапталуы және бейімделуі мүмкін.
- Жария желілерге тәуелсіздік. Көпшілікке қолжетімді байланыс инфрақұрылымына тәуелділіксіз автономды режимде жұмыс істеу мүмкіндігі.
Private LTE заманауи технологияларды енгізу және жалпы өнімділікті арттыру үшін сенімді әрі тиімді платформаны ұсына отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформациясында негізгі рөлді ойнайды. Осылайша, pLTE негізіндегі жаңа жедел байланысу және өндірісті басқару жүйелері RG Gold компаниясына шығындарды айтарлықтай азайтып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Кеңселер сияқты шағын нысандар үшін жеке LTE-желіні орнату — қымбат әрі тиімсіз шешім. Ал ірі инфрақұрылымдық нысандар үшін, керісінше, бұл оптикалық-талшықты байланыс желілерін жүргізіп, Wi-Fi желілерін жасағаннан тиімдірек болып шығады.
Beeline Business тегін консалтинг ұсынады: тау-кен металлургиялық сала нысандарын толық талдау, сараптамалық бағалау және клиенттің міндеттерін ескере отырып, тиімді цифрлық шешімдерді таңдау. Бізге хабарласыңыз — саланы жақсы жаққа өзгертейік!