Ақылды бизнеске арналған ақылды шешімдер: тиімді коммуникацияға арналған Beeline Business 3-топ шешімі
Тиімді кеңселік және ұялы байланыс бизнес-үрдістердің үздіксіз жүруі үшін шешуші рөл атқарады. Олар өзекті тапсырмаларды жедел шешуге, операцияларды шынайы уақыт режимінде басқаруға, командамен хабарласуға және келіссөздер жүргізуге көмектеседі. Beeline Business коммуникациялық шешімдері компанияларға қажетті мобильділікті және әрекет ету жылдамдығын сыйлайды.
Виртуалды АТС қызметінің аясындағы шешімдер кешені компанияның ішкі үрдістерін оңтайландыруға бағытталған. Сервистің кең функционалы қызметкерлердің жұмысын қадағалауға және талдауға әрі қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Кіріс қоңырауларды өңдеу үшін әдеттегі ұялы телефондарды немесе SIP-құрылғыларды пайдалануға болады. Бұл клиент сұрауларын жылдам өңдеуге қолғабыс етеді – бір уақытта қабылданатын қоңыраулар саны көбейеді.
Виртуалды АТС қызметін ендіргенде бизнес бірқатар плюстарға ие болады.
- Ресурстарды үнемдеу Қымбат қосымша жабдықты орнатпай-ақ, кез келген құрылғыдан қоңырау шалуға болады.
- Бизнес-құралдың тиімділігі. Бір уақытта өңделетін қоңыраулар саны жүзден асуы мүмкін – бірде-бір кіріс қоңырау жіберілмейді.
- Қосылау оңайлығы. Корпоративтік нөмірді сақтауға және бірінші қолданған гаджеттер мен құрылғыларды қолдана беріп, жоғары байланыс сапасын алуға болады.
- Деректер сараптамасы. Кез келген белсенділік тіркеледі. Қоңыраулар туралы деректерді жинауға және талдауға әрі тіпті әңгімелерді жазуға болады.
Барлық қоңырауларға жауап беретін жеке ақылды робот керек пе? Онда бизнесіңізге BeeVoice қызметі қажет. Бұл шешім дауыстық роботтарды жасауға және шығыс қоңырауларды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Мына тапсырмаларды орындағанда BeeVoice таптырмас.
- Жеңілдіктер, акциялар және жеке ұсыныстар туралы хабарландырулар.
- Клиенттің қанағаттану деңгейін зерттеу (NPS/CSI).
- Визиттерді растау. Консультацияға немесе қызметтерге тіркеу.
- Қоңырауларды маршруттауды тиімді басқару.
- Дауыстық көмекші.
- Тапсырманың орындалғанын растау.
- Жоспарланған кездесулер не жазбалар туралы еске салу.
Дауыстық роботтарды пайдалану коммуникация тиімділігін арттырып қана қоймайды, сондай-ақ шығыс-кіріс қоңыраулар ағынын тиімді басқаруға қолғабыс етеді.
Коммуникацияға деген Teams телефония сияқты инновациялық тәсілдер ақша мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, қарапайым кеңсе телефондарын алмастыруға көмектеседі. Бұл шешім клиенттерге, қоңырау түріне қарамастан, бір платформа аясында өзара әрекеттесу мүмкіндігін аша отырып, Microsoft ұсынған Teams функционалының дәстүрлі ұялы және стационарлық телефония мүмкіндіктерін біріктіреді.
Қызметтің бизнес үшін бірқатар артықшылықтары бар.
- Түрлі коммуникациялық арналар интеграциясы: дауыстық қоңыраулар, бейнеконференциялар, мессенджерлер, электрондық пошта және корпоративтік ресурстар бір платформаға жиналған.
- Көпарналы нөмірлерді, интерактивті дауыстық мәзірді, қоңырауларды маршруттауды басқару және қоңыраулар кезектілігін басқаруды қоса, байланысты басқаруға арналған кеңейтілген функциялар.
- Бұл инфрақұрылым қызмет көрсетуге ,техникалық қолдауға және жабдыққа кететін шығындарды жоқ қылады.
- Түрлі географиялық локациялардағы персоналдың серіктесіп, командаішілік коммуникациясын оңтайландыруға қолғабыс етеді.
Телефонияның тізімделген әр түрі белгілі бір тапсырмаларды шешеді және бизнестің нақты қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге болады. Beeline Business байланысты ұстап қана тұрмай, сондай-ақ бизнесті цифрлық трансформация дәуірінде дамытуға көмектесетін коммуникацияға арналған тиімді құралдарды ұсынуға ұмтылады.
Beeline Business нақты бизнес-шешімдері жайлы сұрақтарыңыз туындады ма? Бізбен beelinebusiness@beeline.kz электрондық поштасы арқылы байланысыңыз.