September 26, 2023

Өнеркәсіптік бейнесараптама. Өндірістік салаға арналған артықшылықтар

Өнеркәсіптік заттар интернетіне көшу негізінде үлкен деректер көлемін жинауға және оларды практикалық қолдануға болатын ақпаратқа өңдеуге мүмкіндік беретін өнеркәсіптік сараптама жатыр. IoT негізінде бейнесараптаманы пайдалану – кез келген дәрежеде күрделі өнеркәсіптік алаңдардағы қауіпсіз жұмыс үрдісін ұйымдастыру мәселесіндегі жаңа деңгей. Жабдық кешенінің көмегімен қойма және өндіріс үй-жайларының мониторингін, станоктар мен жабдық жұмысын бақылауды, тіпті шұғыл жағдайларда команданың қауіпсіз жұмысын қадағалауды іске асыруға болады.

Өндірістік үй-жайлардың спецификасы сол – ол жақта көбінесе қараңғы, түтінді немесе шаңды, бұл әдеттегі оператордың жағдайға мониторинг жүргізуін қиындатады. Цифрлық «қызметкер» шаршау мен зейіннің жоғалуынан адам көзі жіберіп алатын нәрсені байқайды. Қауіпсіздікті бақылау 24\7, түскі асқа немесе ұйқыға үзіліссіз жүргізіледі, бұл бірнеше ауысым нон-стоп істейтін кәсіпорындар үшін өте ыңғайлы.

Компьютерлік көз ақпаратты күрделі ауа райы жағдайларында да, күндіз де, түнде де талдайды, бұл ашық өнеркәсіптік алаңдар, мысалы кен өндіруші сала кәсіпорындары үшін өзекті. Қауіпсіздік хаттамасын кез келген бұзу жағдайында сигнал лезде операторға немесе тиісті қызметтерге беріледі. Бірақ өнеркәсіптік бейнесараптаманың плюстары бұнымен тоқтап қалмайды.

Жоғары сенімділік

Тұрмыста пайдалану үшін әзірленген шешімдермен, мысалы Ақылды үймен, салыстырғанда, өнеркәсіптік жүйелер жұмыста анағұрлым жоғары сенімділігімен және тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бейнсараптама жүйесінен бас тарту қалтаңызға ауыр тиер – бұл адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін айтарлықтай қатерлер.

Жауап қайтару уақыты

Өнеркәсіптік бейнесараптама деректерді жоғары жылдамдықпен жібереді, сондай-ақ критикалық қолданбалар мен үрдістер үшін қысқа уақытта жауап қайтарады. Үйлерге немесе көліктерге арналған әдеттегі шешімдермен салыстырғанда жүйелер үлкен ауқымымен ерекшеленгенімен, олар кез келген жағдайларда тоқтаусыз жұмыс істейді.

Мамандандырылған жабдық

Өнеркәсіптік алаңдар үшін ерекше пайдалану жағдайларында (шаң, температура, ылғалдылық) деректердің дәл жіберілуіне кепілдік беретін мамандандырылған жабдықты пайдаланады. Құрылғылар сыртқы әсерлерге төзімді және ұзақ уақыт қызмет етеді.

Кәсіпорындарға өнеркәсіптік бейнесараптама не үшін қажет?

IIoT-шешімдерді ендіру – үлкен деректер көлемін өңдегенде адам факторын барынша азайту мүмкіндігі. Кәсіпорындарда бейнебақылауға арналған құрылғылар санын ұлғайту міндетті түрде қауіпсіздік қызметі бөлімінің өсуіне әкеледі. Жасанды интеллект негізіндегі өнеркәсіптік бейнесараптама кез келген форс-мажор жағдайларға жедел қимылдауға мүмкіндік береді.

ABB компаниясы 2022 жылдың басында бизнес пен технология сферасының көшбасшылары қатысқан халықаралық зерттеу жүргізді.

  • IIoT шынайы артықшылықтарының арасында пайдалану тиімділігі, қауіпсіздік және энергияны және ресурсты пайдалануды оңтайландыру аталды
  • Бизнестің тұрақту дамуына оң ықпал етуінің арқасында басшылардың 72%-ы IIoT шығындарын арттырып жатыр
  • Сұралғандардың 94%-ы Өнеркәсіптік заттар интернеті қабылданатын шешімдер сапасының артуына ықпал етіп, нәтижесінде тұрақты дамудың жалпы көрсеткіштері өсетінімен келіседі

Тұрақты даму мәселесіне өнеркәсіптік компаниялар назарының өсуі болашақта жоғары бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге деген ұмтылыспен айқындалады. Басшылардың 96%-ы «тұрақты даму үшін цифрландырудың айтарлықтай қажет» екеніне сенімді. Цифрлық шешімдерді ендіру тенденцияның ықпалымен, ретсіз іске асырылмауы керек. Тапсырмаға кешенді түрде қарап, тиімді құралдарды пайдалану маңызды.

Beeline Business ендіретін өнеркәсіптік бейнесараптама – кез келгеніне сәйкес келетін әмбебап шешім. Бұл кәсіпорын спецификасын, нысандар санын, олардың орналасуы мен мониторинг жағдайларын есепке алатын жекелей зерделенген жоба. Біз кеңес беруден IoT негізінде ендірілетін шешімге техникалық қызмет көрсетуге дейін – толық ілеспе қызметті ұсынамыз.

https://beeline.kz/b2b/kk/products/iot сілтемесіне өтіп, өтінім қалдыру арқылы дәл қазір тегін кеңес алуға болады